Іс-шараға департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов, оның орынбасары әділет подполковнигі Қ.Е. Ильясов, сондай-ақ жеке құрам өкілдері қатысып, ардақты ақсақалдар мен аяулы әжелерге сый-сияпаттар табыстады.
– Қариясы бар ел – қазыналы ел. Сіздердің ел дамуына қосқан үлестеріңіз, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі жолдарыңыз – біз үшін баға жетпес мұра. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз, – деді департамент бастығы Ж.Ж. Қосжанов өз құттықтауында.
Қариялар да өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Айта кетейік, мұндай игі дәстүр Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жыл сайын жалғасын тауып келеді. Бұл – аға буын өкілдеріне деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының айғағы.