• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Бұл жобалар бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайта түседі

Түркістан облысы, Түлкібас аудандық әкімдігі бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бағытында бірқатар іс шараларды қолға алып жатыр. Осы орайда жыл соңына дейін жалпы құны 50 млрд теңгеден асатын 9 жоба іске асырылмақ. Оның 6-ы өнеркәсіп саласында болса, туризм саласында 3 жоба қолға алынады деп жоспарланған. Аталған жобалар өз кезегінде аудан халқына 600-ден аса қосымша жұмыс көзін ашып ғана қоймай, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға зор септігін тигізбек.

by Jasyn
29/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Бұл жобалар бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайта түседі
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен кезекті апталық жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бекайдар Құрманалиев баяндады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласына жауапты бөлім басшысы аудан әкімінің аймақта шағын және орта бизнесті дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, елді мекендер шегінен шағын өндірістік парктерді ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.

Қазіргі таңда Майлыкент, Т.Рысқұлов, Балықты, Жаскешу, Тастұмсық ауылдық округтерінен шағын өндірістік аймақ ашу бойынша жер телімдері қаралып, онда кәсіпкерлік нысан соғуға қызығушылық білдіріп отырған инвесторлар анықталып отыр. Кәсіпкерлікті дамытуды жүйелі жолға қоюды тапсырған аудан басшысы тың жобаларды дайындап, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар көрсету бойынша сүйемелдеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және кәсіпкерлік саласы бойынша Отырар ауданы айрықша қарқынмен дамып келеді.

Аудандағы ірі жобалардың бірі – «Eliko Snacks» ЖШС-нің сублимациялық кептірілген жеміс өндіру жобасы. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, сондай-ақ ауданнан шығатын өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба аясында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 100 кг өнім өңдеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруа қожалығының 5000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды. 100 гектар аумақты құрайтын кәсіпорын іске қосылғанда аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ет өндірісінің көлемі артады деп күтілуде.

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорын иелерімен кездесіп, жобаның тиімділігі мен маңыздылығына тоқталды. Ол кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетілетінін атап өтіп, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласындағы осындай жобалардың аудан экономикасына серпін беретінін жеткізді.

Ал, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркия Республикасының «Sensemi» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Түркістан қаласында заманауи газ, электр және су өлшеуіш құрылғыларын өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара пікір алмасып, жобаның негізгі бағыттарына тоқталды. Әзімбек Пазылбекұлы шетелдік инвесторларға Түркістан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін таныстырып, барлық қолайлы жағдай жасалғанын және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Инвесторлардың мәліметінше, жобаның құны бірінші кезеңде 5 млн АҚШ долларын, екінші кезеңде 10 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда шамамен 450 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өндіріс орны Түркістан қаласының арнайы экономикалық аймағында орналаспақ.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Тағы бір айтары, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңір шаруаларымен кездесіп, қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдымен Жәнібек Есенұлы 1-Мамыр ауылындағы Бақытжан Абдиевтің жылыжайына барды. 2023 жылы іске қосылған нысан 0,15 гектар аумақта орналасқан. Онда жыл сайын 13 тонна қызанақ пен қияр өндіріліп, 2,5–3 млн теңге таза пайда түседі. Сондай-ақ, аудан басшысы ауылдағы Құдияр Рысбаевтың жылыжайымен танысты. 0,15 гектар аумақта орналасқан жылыжайда жылына 14 тонна қызанақ пен қияр өндіріледі. Жоба құны – 16 млн теңге.

Одан кейін аудан әкімі Бесқұбыр ауылындағы Шолпанай Ахмедқұлованың жылыжайында болды. 0,20 гектар аумақта орналасқан шаруашылықтан жылына 20 тонна өнім алынады. Жоба құны – 12 млн теңге, оның 8 млн теңгесі несие қаражаты. Орташа пайдасы – 6 млн теңге.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: бюджеттің кірісіөнеркәсіп саласыТуризмТүлкібас аудандық әкімдігіТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?

Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Житель Жамбылской области 6 лет не платил алименты ребенку: начато уголовное дело

Житель Жамбылской области 6 лет не платил алименты ребенку: начато уголовное дело

2 года ago
Димаш: Менің әйелім өмір бойы ата-әжеммен, ата-анаммен тұрады

Димаш: Менің әйелім өмір бойы ата-әжеммен, ата-анаммен тұрады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In