• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Халыққа жағдай жасау – басты міндет

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аталған бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғын үй құрылысы нысандарына барып, құрылыс барысымен танысты. Сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

by Jasyn
29/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Халыққа жағдай жасау – басты міндет
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда, жеке инвесторлар есебінен Сарыағаш қаласының аумағында 3 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр тұрғын үйде 24 пәтерден орналастырылады. Жалпы саны – 168 пәтер, оның ішінде:

  • 1 бөлмелі – 42 пәтер (әрқайсысы 40 м²),
  • 2 бөлмелі – 84 пәтер (әрқайсысы 56 м²),
  • 3 бөлмелі – 42 пәтер (әрқайсысы 71 м²).

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы Самал-3 шағын ауданында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру, атап айтқанда, тас төсеу жұмыстарының барысын арнайы барып пысықтады.

Аталған жұмыстарды «Сарыағаш қызмет» КММ тарапынан ұйымдастырылып, жалпы ұзындығы 3,5 шақырым аумаққа тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, Сарыағаш ауданында 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Сарыағаш ауданында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 33 343 шаршы метрді құрауы тиіс болса, нақты 37 955 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 120,6 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсімге қол жеткізілгенін көрсетеді. Аталған жұмыстар «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан басшысы ауыз су жүйесінің сапалы әрі мерзімінде аяқталуы қажет екенін ескертті.

Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталған. Бүгінде, ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Тапсырыс беруші — ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жауапты мердігер — «Сарыагаш-Аман» ЖШС.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне арнайы барып, елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Аудан басшысы сапа мен мерзім талаптарын сақтау қажеттігін атап өтіп, жауапты мердігер және ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Тағы бір жағымды жаңалық, Жемісті ауылдық округіне қарасты Тың елді мекенінде шағын стадион мен балалар ойын алаңшасын салу мақсатында тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер мекеме ретінде “Dara 2025” ЖШС анықталған болатын. Бүгінде, аталған нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жоба ауыл тұрғындарының спортпен шұғылданып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған аудан әкімі мердігер мекеме мен тиісті бөлім басшыларына жұмыстың сапасына және уақытында аяқталуына қатысты нақты тапсырмалар беріп, жобаның қатаң бақылауда болатындығын атап өтті.

Ауданға қарасты Қызылжар ауылдық округі аумағындағы егістік алқапты толыққанды ағын сумен қамту мақсатында «Фронтовой» қашыртқысынан коммуналдық меншіктегі «47-тармақ» каналына қосымша су беру жұмыстары қолға алынған. Жоба аясында ұзындығы 1000 метр, диаметрі 300 мм болатын құбыр тартылып, насос арқылы су беру жүйесін іске қосу жоспарланған. Аталған жұмыстарға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, «Kazakh Teh Stroy» ЖШС мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда, 1 шақырым құбыр тартылып 1,5 шақырым электр желісі жүргізілген. Сонымен қатар, трансформатор қондырғысы орнатылған. Жоба бойынша қарастырылған су сорғы қондырғысы шет елден жеткізілді.

Фото: GOV.KZ

 

Tags: ағын сумен қамтамасыз етуТүркістан облысы Сарыағаш ауданытұрғын үйХалыққа жағдай жасау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жыл соңына дейін қосымша 16 мектеп пайдалануға берілмек

Жыл соңына дейін қосымша 16 мектеп пайдалануға берілмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жалақысы аз болғандықтан жас мамандар келмейді

Жалақысы аз болғандықтан жас мамандар келмейді

10 месяцев ago
Шетелден жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелгенде нені білу керек?

Шетелден жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелгенде нені білу керек?

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In