• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Салықтан жалтару — қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров салық төлеу – тек заң алдындағы міндет қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті. Дамыған елдерде салық мәдениеті қалыптасқан, ол бюджеттің негізі. Облыс басшысы салықтан жалтару әрекетін қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу деп бағалап, бұл әрекет бюджетке түсетін қаржыны азайтып жіберетінін жеткізді.

by Jasyn
29/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Салықтан жалтару — қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, осы өңірдегі Сарыағаш ауданы – еліміздегі емдік-сауықтыру туризмінің маңызды орталықтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық демалыс аймақтары халықаралық талаптарға толық сай болуы қажет. Алайда бүгінгі таңда аудан шипажайларында шешімін күткен бірқатар өзекті мәселелер бар.

Осы мәселелерді талқылау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кеңейтілген жиналыс өтті. Жиынға салаға жауапты барлық басшылар мен шипажай иелері қатысты. Облыс басшысы демалыс орындарының заман талабына сай даму қажеттігін атап өтіп, қызмет сапасын жақсартуға ерекше мән беруді тапсырды.

Шипажайлардың қызметі тиімді бизнес көзі болып табылады. Табиғаты әсем, минералды суы мен емдік балшығы бар сауықтыру орындары еліміздің түрлі аймақтарында жұмыс істейді. Алайда олардың қызмет көрсету сапасы мен бағалары әртүрлі деңгейде. Кездесу барысында «Сарыағаш емдеу-оңалту кешені» ЖШС мен Көктерек кентіндегі курорттық аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен даму перспективалары қаралды. Облыс әкімі емдік туризмнің Түркістан облысы экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Сарыағаштың табиғи-емдік ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігін ерекше атап өтті.

Мониторинг нәтижелері бойынша кейбір кемшіліктер анықталды. Оларды ретке келтіру тапсырылып, шипажайлардың қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту, санитарлық талаптың сақталуы секілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар табыс тауып отырған кей кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы күн тәртібінде болды.

Нұралхан Көшеров салық төлеу – тек заң алдындағы міндет қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік екенін еске салды. Ол дамыған елдерде қалыптасқан салық мәдениетінің негізі екенін атап өтті. Мемлекет бизнес үшін ашық әрі заңды жұмыс істеуге барлық жағдайды жасағандықтан, кәсіпкерлерден көлеңкелі схемалардан бас тартуы талап етіледі. Облыс басшысы салықтан жалтару әрекетін қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу деп бағалап, бұл әрекет бюджетке түсетін қаржыны азайтып, салдарынан жаңа мектептер, ауруханалар мен жолдар салуға қажетті қаражаттың жетіспеуіне себеп болатынын жеткізді.

Емдік туризм – тек денсаулық пен демалыс орны ғана емес, сонымен бірге өңірдің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық имиджін қалыптастыратын маңызды сала. Сарыағаш өңірі брендке айналуға лайық. Бұл үшін мемлекет тарапынан қолдау мен кәсіпкерлердің ашықтығы мен жауапкершілігі аса маңызды.

– Көлеңкелі схемаларды қолданған кәсіпкерлер салықтан жалтарып, мемлекетті емес, өз қалталарын ойлайды. Бұл – қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу. Мұндай жайттар шипажайлар арасында да кездеседі. Салықтан жалтару – елдің әлеуметтік дамуына тікелей кедергі. Бюджетке түспеген әрбір теңге – салынбаған мектеп, жарақатсыз аурухана немесе жөнделмеген жол деген сөз. Сондықтан ашық экономика мен салық мәдениетін қалыптастыру – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ міндеті. Салықтан жалтарудың алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл әділ бәсекелестікті қалыптастырып, бюджетті әлеуметтік салаға тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Шипажайлардың заңды жұмыс істеуін, кіріс-шығысын ашық жүргізуін талап етеміз. Емдік туризмнің болашағы – сапада. Қазір бәсекеге қабілетті болмай, іс өрбімейді. Өркендеп жатқан әріптестеріңізден үлгі алыңыздар. Уақыт өзгерді, халық сапалы демалыс күтеді, – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімінің айтуынша, осындай мәселелер өңірдің туристік имиджіне ғана емес, заңды табыс көлемінің азаюына да әсер етеді. Әкім тарапынан демалыс аймақтарының иелеріне шипажайларды толық заңдастыру, салық органдарында тіркеу, қызмет көрсету сапасын арттыру, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын күшейту, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны уақытылы жүзеге асыру туралы тапсырмалар берілді.

Жыл басынан бері Сарыағаш ауданына келуші туристер саны 16,3 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,6 пайызға төмен. Яғни, шипажайлардың саны артқанымен, сапа мен сұраныс арасындағы алшақтық артып келеді. Қазіргі таңда ауданда 64 шипажай жұмыс істейді, ал жыл соңына дейін тағы 3 жаңа шипажай іске қосылады.

Фото: MyBuh.kz

 

Tags: Нұралхан Көшеровсалықсалық мәдениетіТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Халыққа жағдай жасау – басты міндет

Халыққа жағдай жасау – басты міндет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

4 года ago
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In