• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

Адал қызмет және ашық бюджет талқыға түсті

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

by Jasyn
25/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
Адал қызмет және ашық бюджет талқыға түсті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев, Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садыкбеков, Келес ауданы прокуратурасының өкілі Нұркен Ағабеков, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, қатысушылардың маңыздылығына тоқталды.

Келес ауданы прокуратурасының өкілі Нұркен Ағабеков өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда прокуратура органдарының рөліне тоқталып, заңнамалық талаптарды түсіндірді. Ал әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садыкбеков мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау және жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ол «Онлайн бюджеттік мониторинг (ОБМ)» жүйесінің бюджет қаражатын бақылаудағы рөлі туралы баяндама жасап, оның тиімділігін кеңінен қолдану қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ауыз су құрылыстары жүріп жатқан нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар 13 елді мекенді қамтиды. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылдық округінде – Ақсу, Оңтүстік, Ақтөбе ауылдық округінде – Қаратөбе, Жаңадәуір, Жуантөбе, Көгерту, Ақжар, Ғ.Мұратбаев, Есікқорған, Құйған, Қияжол, Кеңдала елді мекендері, сондай-ақ Бірлік ауылдық округіне қарасты Қосөткел ауылы бар.

Ең маңыздысы, аталған нысандар қайтарылған активтер есебінен жүзеге асуда. Бұл – мемлекет мүддесіне қайта алынған қаржылардың халық игілігіне бағытталып отырғанының айқын көрінісі.

Қазіргі таңда 2 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалып, тексеру кезеңінде тұр. Қалған 10 нысанда жұмыстардың орындалу деңгейі 70-80 пайызды құрайды.

Жәнібек Ағыбаев мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтіріп, тұрғын үйлерге толықтай ауыз су тарту мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Тағы бір айтары, Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашатын бірқатар инвестициялық жобалар қолға алынған. Осыған орай Келес ауданында инвестициялық жобалар жөніндегі штабтың кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев төрағалық етіп, ұлттық және жалпыөңірлік инвестициялық жобалар пулына енген бастамалардың іске асу барысын талқылады.

Аудан аумағында қазіргі таңда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, денсаулық сақтау және қызмет көрсету саласын қамтитын 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде 500 гектар жерге жылыжай кешенін салу, көпбейінді аурухана құрылысы, асфальт және темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыт ашу, қуаттылығы 100 мегаватт және 20 мегаватт күн электр станцияларын салу, сүт өнімдерін өңдеу цехын іске қосу, сыйымдылығы жүздеген тонна болатын көкөніс сақтау қоймаларын ашу, сондай-ақ ірі қара мен жылқы бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жобалары бар.

Бұдан бөлек, тоғанды балық шаруашылығын дамыту, жүзім және бау-бақша егу, павлония мен тұт ағашын отырғызу бастамалары қолға алынған. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында шұлық, кондитерлік өнім, құлпынай қайнатпасы, мақта майы, балық жемі, пластикалық ыдыс және тұт шайын өндіретін шағын кәсіпорындар ашылуда. Қызмет көрсету бағытында жаңа сауда үйлері, мейрамханалар, тойханалар және жанармай бекеттері бой көтеріп жатыр.

Аудан басшысы отырыс барысында әрбір жобаның уақтылы әрі сапалы іске асырылуының маңыздылығын атап өтіп, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне жобалардың орындалу деңгейіне қарай бағалау рейтингін жасауды тапсырды. Бұл қадам ауылдардағы даму қарқынын айқындап, тиімді жобаларды қолдауға және нәтижелі жұмысқа серпін бермек.

Жиынды қорытындылаған Жәнібек Ағыбаев инвестициялық жобалардың Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін айтып, олардың халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашатынын жеткізді.

 

Tags: әдеп нормаларын сақтаусыбайлас жемқорлықсыбайлас жемқорлықтың алдын алуТүркістан облысы Келес ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Елдің экономикасы – мамандық иелерінің қолында»

«Елдің экономикасы – мамандық иелерінің қолында»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды

Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды

4 года ago
Өткен жылмен салыстырғанда салықтардың үлесі 5 пайызға азайған

Өткен жылмен салыстырғанда салықтардың үлесі 5 пайызға азайған

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In