• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Шаруаларды мақтаның бағасы алаңдатып отыр

Түркістан облысы Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына мақта шаруашылығы зор үлес қосып отыр. Жергілікті шаруалар жыл өткен сайын мақтаның мәселесіне, оның бағасына қатты алаңдап келеді.

by Jasyn
23/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Шаруаларды мақтаның бағасы алаңдатып отыр
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Диқандардың уәжін жеткізген Серік Үсенұлы зауыт басшыларына бірқатар талаптар қойды.

«Cіздермен ауданымыздың шаруалары үшін маңызды мәселелерді талқылап, ортақ мәмілеге келу үшін арнайы кездесіп отырмыз. Ауылдық округтерде өткен кездесулерде шаруалардың айтатын бірінші мәселесі – ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдердің, соның ішінде мақтаның бағасы. Шаруалардың ерте көктемнен қара күзге дейінгі еңбегі зая кетпесін. Мүмкіндігінше дұрыс баға шығарыңыздар. Шаруаларға өткізген мақтаның ақшасын уақытылы төлеп, созбалаңға салушы болмаңыздар» деген аудан басшысы мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол берілмеу керектігін ескертті.

Бүгінде аудан аумағында орналасқан мақта қабылдаушы 7 мақта өңдеу зауыттары мен 77 мақта қабылдау бекеттерінің 53-і аудан аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, қалған 24-і Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі.

Мақта өңдеу зауыттары өкілдерінің айтуынша, әр компания тікелей халықаралық мақта саудагерлерімен (трейдерлермен) жұмыс істейді. Ал, трейдерлер мақта талшықтарын сатып алу бойынша алдын ала келісімшарт жасап, қаржыландырады. Сол себепті, мақтаны шикізат күйінде сатып алуға қажетті қаражаттың барлығы дерлік жеке инвестициялар деуге болады. Жиынға келген мақта зауыт басшылары бағаның сұраныс пен сапаға байланысты екенін мәлімдеді.

Аудан әкімі кездесу барысында зауыт басшыларына мақтаны тазалаумен қатар, қайта өңдеумен айналысуды ұсынды. Өйткені, 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыратын ауданның 43,1 мың гектар жеріне мақта шиті егіледі.

Айта кетейік, мақталық алқаптарға дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, күзгі жиын-терім науқанына 715 дана трактор, 897 дана трактор тіркемелері, 61 дана дәрілегіш ОВХ агрегаты және 222 дана мақта терім комбаиндары дайын. 1933,8 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, алдын ала болжам бойынша гектарынан 27 центнерден өнім алынады деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, мақта науқаны барысында туындауы мүмкін өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, зауыттар мен қабылдау бекеттерінің жұмысына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында болады.

Мақташылардың мәселесі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысқан жиында да кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мақта саласындағы өзекті мәселелерін талқылау мақсатында жиналыс өткізді. Мәжіліске аудан әкімдері, диқандар, мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Жоғарыда айтқанымыздай биыл Жетісай ауданында 116,2 мың тонна мақта жиналады деп күтілуде. Күзгі терім науқанына 715 трактор, 897 тіркеме, 61 дәрілегіш ОВХ агрегаты және 222 комбайн дайындалған. Жетісай өңірінде 7 мақта өңдеу зауыты мен 77 мақта қабылдау бекеті орналасқан.

Ал, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов аудандағы 16 814 га мақталықтан 42 мың тоннадан астам өнім жинау көзделіп отырғанын айтты. Қазіргі таңда ауыл округтерінде мақта қабылдау бекеттерінің дайындығы пысықталуда.

Мақтаарал ауданында егілген мақта алқабы 35,1 мың гектарды құрайды. Диқандардың болжамы бойынша, гектарынан 27,1 центнер өнім жиналмақ.

Мәжіліс барысында шаруалар өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Мақта өңдеу зауыттарының өкілдері де проблемаларын баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті.

Нұрбол Тұрашбеков аудан әкімдіктеріне шитті мақтаны сатып алуға немесе терең өңдеуге инвестор тарту қажеттігін ескертті. Сонымен қатар мақта зауыттарының өндірістік мүмкіндіктерін саралап, мақта қабылдау қуаттылығы бойынша нақты болжам ұсынуды тапсырды.

– Шаруалардың құқығын қорғау үшін бірыңғай сату-сатып алу келісімшарт үлгісімен жұыс жүргізуді тапсырамын. Келісімшартта қаржы төлеу мерзімі нақты көрсетілуі тиіс. Ортақ жұмысты күшпен емес, ақылмен атқарайық, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Фото: Total.kz

Tags: әлеуметтік-экономикалық дамуымақта шаруашылығыТүркістан облысы Жетісай ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қай өңірде өршіп тұр?

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қай өңірде өршіп тұр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

2 дня ago
Жамбылда автобус жүргізушілері жауапқа тартылуда

Жамбылда автобус жүргізушілері жауапқа тартылуда

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In