• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Биыл футбол клубтарына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?

2024 жылы Қазақстандағы 13 футбол клубын қаржыландыруға 27,3 млрд теңге жұмсалды. Ал, 2025 жылы Премьер-лигада доп тебетін «Ордабасы» футбол клубына 3,2 миллиард теңге бөлінген. «Ақтөбе» футбол клубына 2,1 миллиард теңге, «Қызыл-Жар» клубына 2 миллиард теңге берілген. Жалпы Премьер-Лигада ойнайтын футбол клубының бәрі бюджеттен ақша алады. «Астана» футбол клубы «Самұрық-Қазынадан» 2025 жылға 5,3 миллиард теңге алған.

by Jasyn
23/09/2025
in Спорт, Топ
0
Биыл футбол клубтарына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?
0
SHARES
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев қазақстандық футбол клубтарына бюджеттен қомақты қаржы бері үрдісі тоқтамай тұрғанына алаңдап, депутаттық сауал жолдады.

«Қыруар ақша. Бюджет тапшы боп жатқанда футболға ақша таба қалатын өңір басшыларының шешімін шынымен түсінбейміз. Себебі биыл да аяқдоп аямай асапты. Бұл мәліметтер міне уәкілетті органнан алынды. Мұнша ақшаны аяқдоптың аяғына тастау ақылға сыймайды» дейді депутат еліміздің премьер-министріне жолдаған сауалында.

Бірінші лигадағы футбол клубтарына да бюджеттен қыруар ақша беріледі, алды жылына 1,2 миллиард теңгеден алған. 2025 жылы Премьер-Лига футбол клубтарына 24 миллиард теңге, бірінші лигадағы футбол клубтарына 7,7 миллиард теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 799 143 000 теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады.

«Міне, футбол клубтарын жекеге берсек кемінде осынша қаражатты үнемдеп  оны мұқтаж салаға салуға болады. Оның бірі спорт саласындағы жаттықтырушылардың жағдайы. 2025 жылы еңбек жолын енді бастаған жаттықтырушы 117 мың теңге алса, жоғары санатты  жаттықтырушы 145 115 теңгеге күн көруге мәжбүр. Осылайша бұқаралық спорттың дамуына тікелей әсер ететін мамандар айлығын шайлығына жеткізе алмай пұшайман хәлде жүр. Салдарынан спорт саласындағы жаттықтырушылар жаппай білім саласына кетуде, себебі ол жақта жалақы жоғары» деген Нартай Аралбайұлы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі барлық футбол клубын жедел арада жекешелендіріп, футбол клубтары бүгінге дейін қанша қаражат алды, оны қайда жұмсады, бәрін толық тексеру керек деген ұсыныс айтты.

Фото: NUR.KZ

Tags: бюджетқаржыфутбол клубтары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Еліміздің қай өңірінен шағымдар көп?

Еліміздің қай өңірінен шағымдар көп?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды

4 месяца ago
Коронавирустың жаңа мутациясы: «Үнді» штамының қаупі неде

Коронавирустың жаңа мутациясы: «Үнді» штамының қаупі неде

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In