• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

Жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудан көлемінде бюджет қаржысына салынып жатқан бірқатар нысандардың құрылысымен танысып, бұл жобалардың жүзеге асуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

by Jasyn
17/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану, Без рубрики
0
Жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдымен, Қазығұрт елді мекені, “Болашақ” мөлтекауданында салынып жатқан 600 орындық мектеп ғимаратының құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын тексерді. Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасамақ.

Сондай-ақ аудан басшысы “Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві” КММ-не арналған жаңа ғимараттың құрылысымен танысты. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай салынуда. Архив ғимараты аудан тарихының, құнды құжаттар мен мәліметтердің сақталуына мүмкіндік беріп, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға жол ашады.

Бұдан бөлек, Азизхан Әзімханұлы аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Жөндеу нәтижесінде құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыс жағдайы жақсарып, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы да арта түспек.

Аудан әкімі мердігер ұйымдардың жауапты өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, бұл жобалардың жүзеге асуы Қазығұрт өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, аудан әкімі Шарбұлақ ауылдық округінде бой көтеріп жатқан заманауи спорт кешенінің құрылысымен танысты.

Жаңа нысан ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты түрде шұғылдануына қолайлы жағдай жасамақ. Мұнда көпфункционалды спорт зал, киім шешетін бөлмелер, жаттығу және балаларға арналған ойын алаңдары мен заманауи қондырғылар қарастырылған.

Аудан басшысы құрылыс барысымен таныса келе, мердігер ұйым өкілдеріне сапа мен уақыт талаптарын қатаң сақтап, жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, спорт кешенінің іске қосылуы ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, өңірде бұқаралық спорттың дамуына серпін беретінін атап өтті.

Жаңа спорт нысаны пайдалануға берілген соң, ауыл тұрғындары үшін түрлі спорттық секциялар ашылып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне зор мүмкіндік болмақ.

Қазығұрт ауданында тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Осы мақсатта аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауылы округіндегі 2 қабатты, 6 тұрғын үйдің (әрқайсысы 8 пәтерлі, барлығы 48 пәтер) құрылысының барысымен арнайы танысты.

Жаңа үйлер заманауи талаптарға сай салынып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Пәтерлер кең әрі қолайлы болуымен қатар, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолжетімді баспана ретінде үлестірілмек.

Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаның толық аяқталуы – аудан тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ауылдардың әлеуметтік келбетін арттыруға және елді мекеннің көркеюіне елеулі үлес қоспақ.

Аудан әкімі мердігер мекемелерге құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, «Әрбір отбасының баспаналы болуы – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Қазығұртта бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады» – деді Азизхан Әзімханұлы

Қазығұрт ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қызылқия ауылдық округіне қарасты Атажұрт ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жобаның аясында ауыл халқына тұрақты әрі сапалы ауыз су жеткізу мақсатында заманауи инженерлік инфрақұрылым жасалуда. Мұндағы ауыз су қоймасы көлемі 150 текше метр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Аталған жоба іске асқан жағдайда, ауыл тұрғындары тәуліктің кез келген уақытында таза ауыз суға қол жеткізетін болады. Бұл ауылдағы өмір сапасын арттыруға, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және тұрмыстық қолайлылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы құрылыс барысын қадағалап, мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапасына баса назар аударып, белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ «Ауыз су – ең басты өмірлік қажеттілік. Таза судың әрбір шаңыраққа жетуі – біздің негізгі міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық елді мекендерде кезең-кезеңімен жалғасын табады» – деді аудан әкімі.

Фото: Қазығұрт Ауданы

Tags: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуыЖаңа үйлерТүркістан облысы Қазығұрт ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЖОСПАРДАН ТЫС АТТЕСТАЦИЯ ӨТЕДІ

ЖОСПАРДАН ТЫС АТТЕСТАЦИЯ ӨТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Салық органдары салық төлеушілерге міндеттемелерін орындауды жеңілдетпек

Салық органдары салық төлеушілерге міндеттемелерін орындауды жеңілдетпек

2 года ago
Жамбыл облысында акция бойынша 100 жыл болған тапанша тапсырылды

Жамбыл облысында акция бойынша 100 жыл болған тапанша тапсырылды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In