• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

Экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар

Бүгінде Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар бойынша ТОП–5 инвестор ел қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 14,9 млрд, импорт – 15,2 млрд АҚШ доллары.

by Jasyn
16/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану
0
Экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ал Түркістан облысы бойынша өзара тауар айналымы 296 млн АҚШ долларына жеткен: экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар.

Өңірде жалпы аумағы 2397 гектар болатын 20 индустриялық аймақ пен 4000 гектарлық «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Сонымен қатар, жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда.

Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 44 пайызын өңдеу өнеркәсібі (983 млн доллар) құрайды. Өңір мақта өңдеу бойынша 1-орында, ал текстиль өнімдері мен трансформатор өндірісі бойынша 2-орында тұр.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының инвесторлары, сондай-ақ Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин бастаған ресми делегация арасында B2G форматында кездесу өтті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл кездесудің негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту екенін атап өтіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

– Қазақ-қытай қатынастарының берік достық байланысы стратегиялық серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналғанын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтады. Екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог пен стратегиялық серіктестік Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының барлық салалар бойынша дамуында шешуші рөл атқарып отыр. Биылғы тамыз айында Қытай еліне жасаған кезекті іссапарымыз аясында сіздермен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргіздік. Соның нәтижесінде, бүгін екі елдің дамуына үлес қосатын Қазақ–Қытай өнеркәсіптік паркі құрылысының іргетасын қалау рәсімін өткізгелі отырмыз. Біз өздеріңіздей серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әрқашан дайынбыз, – деді облыс басшысы Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында шетелдік компаниялар күн энергиясы, электр жабдықтары, құбыр арматурасы, пластмасса бұйымдары, цифрлық технологиялар, «Ақылды үй» жүйелері, күн панельдері және олардың компоненттерін өндіру, тұрғын үй және коммерциялық кешендер, инфрақұрылым нысандары (ауруханалар, мектептер, әуежайлар), сондай-ақ төмен вольтты электр жабдықтары мен қауіпсіздік шешімдерін әзірлеу жобаларын таныстырды. Бұдан бөлек, өндірісті цифрлық басқару, сайт жасау, оларды Google, Meta, LinkedIn, TikTok платформаларында ілгерілету және шетелдік клиенттерді тарту бойынша цифрлық маркетинг шешімдері ұсынылды.

Электр энергиясын беру және тарату жабдықтарын, электр шкафтары, күн мен жел электр станциялары үшін қосалқы станциялар, басқару және автоматтандыру жүйелерін шығару, экологиялық туризм, қонақүй және ойын-сауық қызметтері, дрондар мен цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеу мәселелері де талқыланды.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытайдың Гуандун провинциясының нарықты реттеу әкімшілігі және Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының сертификаттау орталығының өкілдерімен іскерлік кездесу өткізді. Басқосуда тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының сертификаттау жобасы кеңінен таныстырылып, арнайы платформа құру, өндірістік ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.

– Түркістан облысында өнеркәсіптің белсенді дамуына ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Инвесторлар үшін 4 мың гектар аумақта орналасқан «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және 20 индустриялық аймағы бар. «TURAN» АЭА қатысушыларына жеңілдіктер қарастылады. Әкімдік тарапынан «Бір терезе» қағидасы аясында толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргіземіз. Ірі жобаларға инженерлік инфрақұрылым тартуға, жер телімін таңдауға, жобаны ілгерілетуге тікелей көмек көрсетеміз. Біз Түркістан облысы мен Қытай елінің инвесторлары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.

Фото: Төлеби Ауданы Әкімдігі

Tags: Ауыл шаруашылығыҚазақ–Қытай өнеркәсіптік паркіөндірісті цифрлық басқаруТүркістан облысышетелдік клиенттерді тарту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті

Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Участковый инспектор полиции спас из пожара 6-летнего ребенка в Таразе

Участковый инспектор полиции спас из пожара 6-летнего ребенка в Таразе

2 года ago
Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In