• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Жамбылда екі аптада үш қайғылы жағдай орын алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шешімдер қабылдады.

by Jasyn
16/09/2025
in Топ
0
Жамбылда екі аптада үш қайғылы жағдай орын алды
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтатын болсақ, облыс әкімінің аппаратына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке «сөгіс», Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековке сондай-ақ әлеуметтік салаға жауапты Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова мен Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қабылдау тапсырылды.

Бұған Жамбыл облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың жиіленіп кетуі себеп болып отыр.

– Жаңа оқу жылы басталғалы бері өңірде кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстардың жиілеп кетуі – жағдайдың ушығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл мәселеге шұғыл әрі нақты шаралар қажет. Бала – біздің болашағымыз! Ертеңіміздің жарқын болуы үшін біз олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасауға тиіспіз.

Сіздерді тыңдасақ, барлық жұмыстар жүріп жатыр, ауқымды шаралар атқарылып жатыр дейсіздер. Бірақ, нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Соңғы екі аптада үш қайғылы жағдай орын алды. Демек, сіздердің жұмыс тәсілдеріңіз тиімсіз. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде мектеп, ата-ана, қоғам үштігінің өзара бірлескен жұмыстарын басынан қарау керек!

Қазіргі балалардың күн сайын ой-өрісі өзгеріске ұшырап, көзқарасы басқаша қалыптасуда. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс тәсіліміз де жаңаша сипатта қарқын алу керек деп ойлаймын! – дей келе облыс әкімі нәтижесіз жұмыстарды сынға алды.

Өңір басшысы бұған дейін аталған мәселе бойынша нақты тапсырмалар бергенін, алайда жауапты тұлғалардың қабылдаған шараларынан нақты нәтиже көрмей отырғанын қатаң түрде ескертті.

Сонымен бірге әр ауылдық округтің жеке өз учаскелік полиция инспекторы болуы тиіс екенін алға тартып, бос штаттарды шұғыл толықтыруды жүктеді.

 

Білім басқармасынан Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларының және өзге де жауапты тұлғалардың атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарастыруды талап етті.

Облыс әкімі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша шұғыл зерделеу тобын құрып, әр білім беру мекемесінде кеңейтілген сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыруды міндеттеді.

Бұл құрылатын топ өңірдегі барлық мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қылмыстың салдары мен зардабын түсіндіруге күш салуы тиіс. Топ жетекшісі ретінде Тараз қаласы және аудан әкімдері жеке жауап беретін болады.

Фото: Tengrinews.kz

Tags: Жамбыл облысы оқушы өліміЖамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевжасөспірімдер арасындағы қылмысқайғылы жағдай
Jasyn

Jasyn

Next Post
Экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар

Экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ең бастысы – үйден оқитын бала өзін қоғамнан оқшау сезінбеуі керек

Ең бастысы – үйден оқитын бала өзін қоғамнан оқшау сезінбеуі керек

1 месяц ago
Жас жүрген жер — мереке

Жас жүрген жер — мереке

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In