• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

«Асыл мекен» ауыл ипотекасы басталмай жатып тоқтап қалды

Бүгінде еліміздің 15 өңірінде ауыл халқы санының айтарлықтай азаюы тіркелуде. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Абай облысында 3,2%-ды, Солтүстік Қазақстан облысында 3%-ды және Қарағанды облысында 2,9%-ды құрап отыр.

by Jasyn
15/09/2025
in Топ
0
«Асыл мекен» ауыл ипотекасы басталмай жатып тоқтап қалды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілістегі «Ауыл» партиясының фракциясы көші-қон мәселесіне алаңдап, премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 383 мың қазақстандық қоныс аударса, олардың басым бөлігі Астана мен Алматыға қоныс тепкен. Соңғы 20 жылдың ішінде елімізде 1400-ден астам ауыл жойылып кетті, ал Үкіметтің бағалауы бойынша тағы 500 ауылдық елді мекен «перспективасы жоқ» елді мекендер қатарына енгізіліп отыр.

«Ауылда заманауи қолайлы тұрғын үйлер жоқ, инфрақұрылым әлсіз, адамдарға жұмыс жоқ, әлеуметтік қолдау да жеткіліксіз. Жастарымыз да өз болашақтарын ауылмен байланыстырмайды. Ал басқа елдердің тәжірибесі ауылдарға нақты қолдау көрсетуге болатынын дәлелдеп отыр. Мәселен, Ресейде 2020 жылдан бері «Ауыл ипотекасы» бағдарламасы жұмыс істейді, ол бойынша жылдық 3%-ға дейінгі мөлшерлемемен 25 жылға кредит беріліп, бүгінде 100 мың отбасы ауылдан баспанаға ие болған. Әзербайжанда мемлекет ауылдық жерлерде 4%-дық кредитпен үйлер салып беруде. Тағы да басқа мысалдар келтіруге болады.

Бізде «Асыл мекен» ауыл ипотекасы іске қосылды, бірақ ол басталмай жатып тоқтап қалды. Оның үстіне, көптеген ауылдарда сатып алатын үй де жоқ: жаңа тұрғын үйлер салынбаған, нарықта ұсыныстар жоқ» дейді партия төрағасы Серік Егізбаев.

Сондықтан «Ауыл» партиясы фракциясы ауылды қайта жаңғыртуға арналған кешенді ұлттық бағдарлама қабылдау мәселесін алға қойып, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ауыл тұрғындары үшін қолжетімді тұрғын үй салуды жеделдетуді, ауыл ипотекасын 1%-бен іске қосуды ұсынды.

Фото: BAQ.KZ

Tags: «Асыл мекен» ауыл ипотекасы тоқтап қалды«Ауыл ипотекасы» бағдарламасы«Ауыл» партиясы фракциясыжаңа тұрғын үйлер салынбаған
Jasyn

Jasyn

Next Post
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдары айқындалды

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдары айқындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының тізімі 15 қаңтарда жасалады

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының тізімі 15 қаңтарда жасалады

2 года ago
Таразда арзан бағада қант сатамын деген Алматыдан келген алаяқ ұсталды

Таразда арзан бағада қант сатамын деген Алматыдан келген алаяқ ұсталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In