• RU
Четверг, 18 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Науқастарды ауруханаға жеткізе алмай әркімге бір жалынып жүр…»

Жақында Жаңаарқа ауданында қордаланған кемшіліктердің салдарынан қарапайым аппендэктомия алдында анестезиядан кейін төрт баланың анасы көз жұмды. Себебі – қажетті құрал - жабдықтардың, дәрі-дәрмектің жоқтығы, аллергиялық сынаманың жүргізілмеуі, жауапты маманның біліксіздігі мен салғырттығы. Бұл – өңірдегі медицинаның қордаланған дағдарысын көрсетеді.

by Jasyn
10/09/2025
in Әлеумет, Медицина
0
«Науқастарды ауруханаға жеткізе алмай әркімге бір жалынып жүр…»
0
SHARES
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Ұлытау облысындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі қордаланған өзекті мәселелерді көтеріп, премьер-министрге сауал жолдады.

Жезқазған қаласындағы облыстық ауруханада, онкология бөлімі – небәрі 30 орын, перинаталдық орталық – 106 орынға ғана есептелген. Дәрігер мамандар тапшылығы да ұлғайып барады: мысалы, перинаталдық орталықта бар болғаны 2 анестезиолог-реаниматолог, 6 акушер — гениколог, онкология бөлімінде бар-жоғы 3 дәрігер мен 7 орта медицина қызметкері ғана жұмыс істейді.

«Аудандық, облыстық ауруханалардан сапалы медициналық көмек ала алмай Қарағанды мен Астанаға сабылып, дертіне шипа іздеген тұрғындардың жанайқайын ескеріп, батыл шешім қабылдамаса болмайды. Сайлаушылармен кездесулер барысында,әлеуметтік желілерде де тұрғындар: істемейтін КТ аппараты, медициналық құрал — жабдықтардың, дәрігерлердің жетіспеушілігі, дөрекі қарым-қатынас, тазалықтың төмендігі,  дәрі-дәрмек тапшылығы, кейбір зейнет жасындағы біліксіз мамандардың білікті жас мамандарға орын босатпай отырғандығы туралы ашық айтуда. Ауылдық жерлердегі жедел жәрдем көліктерінің жоқтығы немесе әбден ескіргендігінен де халық сапалы көмекке қол жеткізе алмай отыр. Себебі, бөлінген жаңа жәрдем көліктерін әуелі қала мен аудан орталықтары алады да ауылдарға өздерінен қалған жүруге жарамсыз ескі көліктерін береді. Нәтижесінде науқастарды аудандық ауруханаға жеткізе алмай әркімге бір жалынып жүрген дәрменсіз ауыл дәргерлерін көресіз» дейді А. Әлтай.

Сондықтан халық қалаулысы Ұлытау облысында заманауи көпсалалы клиникалық орталық (онкология, перинаталдық және жедел жәрдем бағыттарымен) салу, құрылысты 2026 жылға дейін бастау екрек екенін, облыстық және аудандық ауруханаларды толық аудиттен өткізіп, қайта жаңғыртуды ұсынды.

Фото: Kazlenta.kz

Tags: дәрігерлердің жетіспеушілігіжедел жәрдем көліктерінің жоқтығымедициналық құрал жетіспеушілігіөңірдегі медицинаның қордаланған дағдарысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Сарыағаш» пен «Арман» шипажайларының кәріз жүйесі жарамсыз жағдайға жеткен

«Сарыағаш» пен «Арман» шипажайларының кәріз жүйесі жарамсыз жағдайға жеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды

3 года ago
«Барлық бекетте жоқ»: Шымкентте көлік жүргізушілері автогаз іздеп шарқ ұруда

«Барлық бекетте жоқ»: Шымкентте көлік жүргізушілері автогаз іздеп шарқ ұруда

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In