• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Топ

«Айлықты өсіру үшін үкіметтің бұйрығын өшіру керек»

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеру туралы мәселе көтерді.

бойынша Jasyn
10/09/2025
in Топ
0
«Айлықты өсіру үшін үкіметтің бұйрығын өшіру керек»
0
Бөлісу
41
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласындағы «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 640 бала ем алады, оның 63-і кәмелет жасына жеткендер. Ерекше балаларға ерекше жағдай жасауы тиіс орталықтағы 160 қызметкердің орташа жалақысы 180 мың теңге. Жұмыстың көбінесе жоғары эмоционалды және физикалық күш-жігерді қажет ететінін ескерсек бұл өте аз ақша. Салдарынан ешкім мұндай орталыққа қызметке келгісі келмейді, кадр тапшы. 2024 жылы 53 қызметкер жұмыстан кетсе, 2025 жылдың жарты жылдығында 28 қызметкер қызметтен кеткен. Еліміздегі барлық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жағдай дәл осындай.

«Бас қаладағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да бас сұқтым, жұмыскерлердің жағдайы адам аярлықтай. Бір орталыққа 900 ата-әже  қаралады.  Ішінде бала-шағасы тастап кеткен ата-әжелер де бар, оларды көргенде жүрегің қан жылайды. Қамкөңіл қариялардың жағдайын жасайтын әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 110 мың теңге. Салдарынан ол жаққа ешкім жұмысқа бармайды» дейді депутат өз сауалында.

Сондықтан Н. Сәрсенғалиев Үкіметтің 1193 бұйрығын өзгертіп “Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттардың, орта медицина қызметкерлерінің (ЕДШ нұсқаушысы, массажист) (жалпы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің) жалақысын көтеру керек деген ұсыныс жолдады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік салада қызмет ететін педагогтарды білім беру жүйесіндегі педагогтармен теңестіру керек.

«Аспаннан киіз жауса да, кедейге ұлтарақ бұйырмайды» дейді қазақ. Оның айғағын алыстан іздеп керек емес. Жазда жұртпен жүздестік,  қамкөңіл қарапайым қарашаны көрдік, айлығын шайлығына жеткізе алмай жанталасқан ұл-қыздармен ұшырастық. «Түйені жел шайқаса ешкіні көктен ізде» демекші, алысқа бармай Астанадағы ахуалды айтайын, өңірдегі өмір содан-ақ түсінікті болар. Елдегі әлеуметтік қызметкерлердің жағдайы жанға батып барады. Үкіметтің өмірі өзгермейтін 1193 деген бұйрығы бұқараның базынасын бұйым құрлы көрмей тұр. Ағайынның айлығын өсіру үшін 1193 деген бұйрықты өшіру керек, бірақ оған Үкімет үкім етер емес» дейді Мәжіліс депутаты премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған сауалында.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығыАйлықты өсіру мәселесіМәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиеворташа жалақы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қарағандыда салығын төлемегені үшін 27 автокөлік  айыппұл тұрағына қамалды

Қарағандыда салығын төлемегені үшін 27 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды

3 года бұрын
«Бұл — менің таңдауым»: Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты

«Бұл — менің таңдауым»: Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In