• RU
Среда, 10 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

«Арманым — Түркістанды өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру»

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бюджет қаражатына сатып алу жоспарланған тұрғын үйлердің құрылыс сапасына аудан-қала әкімдіктері тарапынан бақылауды күшейту қажет екенін айтып, жауапты басшыларға бірқатар міндет жүктеді.

by Jasyn
03/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
«Арманым — Түркістанды өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру»
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысы бойынша 1,060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Осы жылдың 7 айының қорытындысымен 528,3 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 115 пайызды құрады. Бұл туралы облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Жиында Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов облыстағы арендалық және кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өңірде кредиттік 2138 пәтерлі 30 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның ішінде, Түркістан қаласында 1182 пәтерлі 17 тұрғын үй және Кентау қаласында 60 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Қалған 12 тұрғын үйді қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл пәтерлерді «Отбасы банк» арқылы кезектегі азаматтарға сату көзделген. Сонымен қатар 296 пәтерлі 6 арендалық тұрғын үй салынуда.

Одан бөлек, 578 арендалық және 2015 кредиттік пәтерлер сатып алу көзделген. Бүгінде Түркістан қаласынан 84 пәтер сатып алынды. Қалған 494 пәтер жоспарға сәйкес қараша айына дейін сатып алынуы тиіс. Ал, кредиттік пәтерлерді сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, өңірде жоспардан тыс 2 322 пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл пәтерлердің құрылысы 2026 жылы аяқталады.

Түркістан облысында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Тағы бір айтары, облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанды дотациялық өңір деңгейінен өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру басты мақсаты мен арманы екенін айтты.

Нақтырақ айтсақ, жақында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауыты ашылды. Яғни, облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй зауыттың лентасын қиып, арнайы батырманы басу арқылы нысанды іске қосты.

Облыс әкімі көпшілікті жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.

  • Өңірімізде заманауи зауыттың құрылысы аяқталып, іске қосылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта облысымызда нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін ашылған «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің алюминий бұйымдарын өндіру зауытының маңызы өте зор. Жаңа зауытта 200-ге жуық жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім экспортқа шығарылады. Зауытта заманауи және инновациялық технологиялар қолданылған. Жоба өңірде өнеркәсіп саласын дамытуға және кіріс көздерін ұлғайтуға ықпал етеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы — біздің ортақ жетістігіміз. Менің арманым және мақсатым – Түркістанды дотациялық өңір деңгейінен өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру. Сондықтан облысымызда, оның ішінде Ордабасы ауданында өндірістік жобаларды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Оған толық мүмкіндігіміз бар. Баршаңызды зауыттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа кәсіпорын ұжымына табыс тілеймін. Облысымыздың дамуына бағытталған жобаларымыз көп болып, халқымыздың табысы арта берсін! – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлерге зауыттың жұмысын сапалы үйлестіруді тапсырып, бұл бағытта жан-жақты қолдау болатынын еске салды.

Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның алғашқы кезеңіне құйылған инвестиция көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды. Мұндағы өнімдер толық дерлік экспортталады. Заманауи үлгідегі зауыттың құрылыс жұмыстары сапалы орындалып, соңғы үлгідегі технологиялар қолданылған.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

Tags: «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауытыинвестиция тартуқұрылысөндіріс орындарын ашуТүркістан облысытұрғын үй
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаржысына жаңа техникалар сатып алынуда

Бюджет қаржысына жаңа техникалар сатып алынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қандай болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қандай болатынын айтты

4 года ago
45 градус ыстық: Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты «қызыл» деңгей жарияланды

45 градус ыстық: Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты «қызыл» деңгей жарияланды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In