Өткен жылмен салыстырғанда елімізде мектеп түлектерінің саны 30 мыңға көп. Ал, грант алуға құжат тапсырғандар саны 9 мыңға артық. Осы орайда студенттерді жатақханамен қамту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді.
Мәселен, Алматы қаласында тапшылық 8 мың орынды құрайды. Олардың 6166-сы жеке меншік хостелге, 1027-сі қонақ үйлерге орналастырылды.
Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
«Бәріңіз білесіздер, ЖОО жанындағы жатақханалардағы орын саны шектеулі. Бірінші кезекте әлеуметтік топтар бар. Ол –жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар. Ең бірінші ретте университет жанындағы жатақханадағы орындар осы тұлғаларға беріледі. Одан кейін, грантпен түскен бірінші курс студенттеріне беріледі. Себебі, жатақхана ауылдан келген, қаланы әлі білмейтін жастарға беріледі», – деді Ақерке Абылайхан.
Фото: Abai.kz