• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия дәрігері марапатталды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия дәрігері марапатталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өмір мен өлім үстіндегі бала жанын ажалдан арашалап қалған түркиялық дәрігер марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бірнеше ай бұрын Бішкектен Ыстанбұлға ұшып келе жатқан қазақстандық нәрестенің жүрегі сыр беріп, тоқтап қалады. Мұны естіген борттағы түрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасап, сәбиді аман алып қалады. Оқиғамен таныс болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Шекерге «Ерекше батылдығы үшін» алғыс хатын жөнелтті. Президенттің марапатын Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік парламентінде табыстап, жүрек жарды алғысын білдірді.

Салтанатты шараға Түркия Ұлы ұлттық Мәжілісінің депутаттары мен қызметкерлері қатысты. Өз кезегінде Режеп Шекер: «Әрбір оқиғаның өзіндік мәні бар» деп, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

«Оқиғаның болғаны өкінішті. Дегенмен, нәтижесі жақсы. Нәрестелердің отбасымен хабарласып тұрамыз. Тіпті бірнеше күн бұрын бейне жолдапты. Салмақ қосыпты. Аман болсын. Екі елдің бауырластық және достық қатынасына себепші болды. Ілтипат білдірген Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіріп, бірер күн бұрын өткен туған күнімен құттықтаймын»,- деді дәрігер Режеп Шекер.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан аяқталады

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Оскар сыйлығының иелері анықталды

Оскар сыйлығының иелері анықталды

3 года ago
Ермұрат Бапи жас депутаттарды билікке тартуды ұсынды

Ермұрат Бапи жас депутаттарды билікке тартуды ұсынды

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In