• RU
Пятница, 15 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру

Ынтымақтастық рухы — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Жамбыл облысында ынтымақтастық рухын қалыптастыруға айрықша маңыз беріледі. Өйткені ынтымақтастық рухы өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, білім беру және ғылым саласында, мәдениет пен өнерде зор жетістіктерге жетуге жағдай жасайды.

by Jasyn
08/08/2025
in • Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру
0
Ынтымақтастық рухы — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастырудың негізгі бағыттары білім беру және ағарту, қоғамдық іс-шаралар, мәдениет және өнер, спорт және дене шынықтыруға басымдық беру десек, бұл бағытта түрлі іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. 

Қызметте де, еңбекте де, тіпті жекелеген отбасында да бірлік бар жерде тірлік бар. Ынтымақ пен татулықты ұстанғандар кез келген кедергіні жеңеді. Осы орайда Меркі ауданы бірнеше сала қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай спорттық-танымдық тимбилдинг ұйымдастырды. Мемлекеттік қызметшілер, полиция, судья және сот қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек ететіндер спорттық ойындарда өзара күш сынасып, табиғат аясында көңілді басқосуға жиналды.

Түрлі сала қызметкерлерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастық рухын көтеріп, ұжымдық бірлікті арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат еткен тимбилдинг ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Іс шараның салтанатты ашылуына Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы қатысып, барлық сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде өңір басшысы мемлекеттік қызметтің, құқық қорғау саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызын атап өтіп, ауданның дамуы жолында бірлесе еңбек етіп жүрген азаматтарға сәттілік тіледі.

− Бұл шара тек бәсекелестік емес, ең алдымен ынтымақтастық рухты күшейтіп, түрлі салалар арасында өзара түсіністік пен ынтымақты орнатуға сеп болады. Мұндай игі бастамалар ұжымдарды жақындастырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді, – деді аудан басшысы Ербол Жұмабекұлы.

Салалық спорттық тимбилдингке аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Супер бөлімдер» командасы, ауылдық округтердің құрамасы және аудандық полиция бөлімі болып, алты команда қатысты. Қатысушылар арқан тарту, мас-рестлинг, қаппен секіру, скакалкамен секіру және орта доппен жарысу секілді қызықты да көңілді ойын түрлері бойынша жарысты.

Барлық команданың ойынға белсене қатысқандарынан ұйымшылдық пен шеберліктері, жеңіске деген құлшыныстары байқалды. Алайда, жарыста жүзден жүйрік ғана алға шығатыны белгілі. Бұл сайыста да шын мықтылар топ жарды, басқалары үшін тәжірибе болды.

Ауданда алғаш рет өткізілген спорттық тимбилдингте аудандық полиция бөлімі І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын аудан әкімі аппаратының тобына бұйырса, ІІІ орынның биігінен «Супер бөлімдер» командасы көрінді.

Достықты дәріптеп, татулықты ту еткен сайыс барысында сергектік пен шаттыққа толы сәттер мол болғанын айтқан жөн. Қатысушылар үшін бұл күн тек жарыс емес, көңілді демалыс, өзара ынтымақтастық пен пікір алмасуға арналған ортақ алаңға айналды.

Қалай айтсақ та қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру – маңызды және қажетті іс-шаралардың бірі. Ынтымақтастық рухы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық дамуды ынталандырады, мәдени байытуды күшейтеді, білім беру және ғылым саласында жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Және қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және адамдарға құрметпен қарау маңыздылығын ескеру керек. Өйткені, азаматтық ортада басқа да құндылықтардың алға озып бара жатқанын көз көріп жүр.

Фото: Aqjolgazet.kz

 

 

Tags: Ынтымақ пен татулықЫнтымақтастық рухыынтымақтастық рухын қалыптастыру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Іскер де жігерлі жастарының көптігімен ерекшеленеді

Іскер де жігерлі жастарының көптігімен ерекшеленеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бюджет жоспарлау, қаржы игеру – ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты

Бюджет жоспарлау, қаржы игеру – ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты

1 месяц ago
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In