• RU
Четверг, 14 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау

Мүгедек жандар үшін қиыншылықты жеңіп шығу оңай емес

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», – деп айтқан еді.

by Jasyn
07/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау
0
Мүгедек жандар үшін қиыншылықты жеңіп шығу оңай емес
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Жолдау жүктеген міндеттің бірі – мүгедектігі бар азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету – Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың жемісті жұмысының нәтижесі. Бұл бағыттағы шаруа талапқа сай атқарылып жатыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сан салалы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Мүгедектігі бар адамдар үшін өмірде кездесетін қиыншылықты жеңіп шығу оңай емес. Сондықтан да мемлекет тарапынан олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын түзеу, қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасау бағытында арнайы шаралар жүзеге асырылуда.

Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі қарап-күтуіне, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізуіне немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралуына жағдай жасауда арнайы оңалту құралдарының маңызы айрықша. Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары автоматтандырылған түрде Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек сала­сы­ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі. Өйткені мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуде олар оңалту құралдары мен қызметтерді тікелей жеткізушілерден өз таңдауы арқылы дербес сатып алса, сол әділетті болады. Осыған мүмкіндік беріп отырған осы автоматтандырылған жүйе екенін айта кетуіміз керек.

Жамбыл облысында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында Тараз қаласы мен аудандарда 262 нысанды бейімдеу жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қозғалысы шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне жағдай жасау үшін 106 нысанға 101,1 млн. теңге бөлінді, 95 нысанды бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 145 нысан ішінара бейімделді.

Бұдан бөлек мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Инватакси» қызметіне 275,4 млн. теңге қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 14 инватакси қызметі жұмыс атқарады. Сонымен қатар, 2300 жуық инватакси пайдаланушысы тіркеліп, оларға 32 автокөлікте қызмет көрсетілуде.

Елімізде ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын жақсарту, ерте диагностикалау, емдеу, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу, сауықтыру, мүгедектік деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатса, оның ішінде облыстағы түрлі оңалту орталықтарына артылар міндет те айрықша. Бүгінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары барлық ауданда жұмыс істеп жатыр.

Басқармаға қарасты 17 медициналық-әлеуметтік мекемелерде, соның ішінде стационар жағдайында  қабылдайтын 7 мекемеде мемлекет қамқорлығына мүгедектігі бар  885 адам алынған, оның ішінде 1-ші топтағы – 204, 2-ші топтағы – 681 адам. Олар бекітілген стандартқа сәйкес 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылауда.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы 10 орталықта 763 мүгедектігі бар адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.

Фото: Нарын таңы

 

Tags: әлеуметтік бағдарламаларәлеуметтік-тұрмыстық жағдайын түзеужұмыспен қамтуМүгедек жандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге тыйым салынған

Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге тыйым салынған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

3 года ago
Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In