• RU
Четверг, 14 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау

Ең бастысы – үйден оқитын бала өзін қоғамнан оқшау сезінбеуі керек

Ерекше білімді қажет ететін балаларды таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейту, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдалану ең тиімді тәсілдердің бірі.

by Jasyn
06/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау
0
Ең бастысы – үйден оқитын бала өзін қоғамнан оқшау сезінбеуі керек
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сондықтан таным қабілетін дидактикалық ойындар арқылы дамыту балалардың ойлау қабілетін, тірек-қимыл әрекетін жетілдіруге көп көмегін тигізеді. Кез-келген бала ойынға өте құштар болып келеді. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан да баланың өмірінде ойынның мән-мағынасы ерекше орын алады. Оларды біркелі жұмыс тез жалықтырады және олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін алғашында әр сабақты ойын түрінде жүргізуді қажет етеді. Ойын кезіндегі баланың ерекшелігі ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері, есте сақтау қабілеті дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің оянуына әкеледі.

Жалпы алғанда балаларды үйден оқытуды ұйымдастыру белгіленген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ата-анасының өтінішімен дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының жолдамасы негізінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп директоры жоғарыда аталған дәрігерлік-консультативтік комиссия жолдамасы мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын негізге ала отырып, үйден оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық шығарып, әр балаға оқу-тәрбие жоспары мен әдістемелік құралдарды бекітеді. Үйде оқытуға жіберілген балаларға бөлінетін сағаттар саны Оқу-ағарту министрлігі бекіткен оқу жоспарына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация анықтап беретін қорытындыдағы оқу бағдарламаларына қарай бөлінеді. Білім беру бағдарламасының 3 түрі жеңіл және орташа деңгейіндегі балаларға жеке қолданылады.

– Үйде оқитын балалардың мектеп ішіндегі кейбір іс-шараларға ата-анасымен, мұғалімімен қатысуына мүмкіндік беріледі. Мұғалімдер мұндай балалармен жұмыс істегенде, тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар сенімді тірек, жанашыр адам бола білуі керек. Өйткені үйден оқитын бала ұстазынан ең бірінші біліммен қатар, түсіністік пен қолдау күтетіні анық. Сондықтан мұндай жағдайда мұғалімнің мейірімділігі, шыдамдылығы мен кәсібилігі маңызды рөл атқарады. Мемлекет тарапынан үйден оқитын балаларға арналған оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар мен цифрлық ресурстар әзірленеді. Кей өңірлерде онлайн оқыту формасы да тиімді түрде енгізілуде. Ең бастысы – үйден оқитын бала өзін қоғамнан оқшау қалған жан ретінде сезінбеуі керек. Қайта керісінше, оған ерекше қамқорлық көрсетіліп, білім арқылы өз болашағын құруға сенім берілсе, ол да өз қабілетімен қоғамға пайдасын тигізе алатын азаматқа айналады, – дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы Набира Қапарқызы.

Көп жағдайда үйден оқитын балаларда жалғыздық, қоғамнан бөлектену сезімі байқалуы мүмкін. Сондықтан оларға ата-анасынан, мұғалімінен тек білім ғана емес, әлеуметтік қолдау мен жылы қарым-қатынас ауадай қажет. Мұғалімнің жай ғана сабақ өткізуші емес, шабыттандырушы, қолдаушы, сенімді дос ретіндегі рөлі ерекше болады. Талас ауданындағы Шона Смаханұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Айдаралиеваның айтуынша үйден білім алатын балаларға сабақ беру үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Үй жағдайындағы балаларға білім беретін педагог  тек пән мұғалімі ғана емес, сонымен қатар психолог, логопед, дефектолог сынды бірнеше мамандықтың қызметін қатар атқарады. Себебі үйден оқытылатын балалар ерекше білім беруді қажет етеді. Мұндай жеткіншектердің көпшілігіне ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылады. Осы санаттағы балалардың сабаққа деген белсенділігі төмен, қимыл-қозғалысы баяу, назарын тұрақты ұстап отыру қабілеті де шектеулі болады.

Оқу және жазу дағдылары әлсіз балаларға сабақ тек көру, сурет, қолдың қимыл-әрекеті, сезу әдістерін қолдану арқылы өткізіледі.

Фото: TekeliNews

 

Tags: балаларды үйден оқытуЖамбыл облысылогикалық ой-өрісін кеңейтуНабира Қапарқызысабаққа ынтасын арттыру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Үйде оқитын балаларға арнайы жағдайлар жасалған

Үйде оқитын балаларға арнайы жағдайлар жасалған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада  1 орында

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орында

1 месяц ago
Қайрат Сатыбалды заңсыз иеленген 1,6 млрд долларды мемлекетке қайтарды

Қайрат Сатыбалды заңсыз иеленген 1,6 млрд долларды мемлекетке қайтарды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In