Астана мен Алматыда – литрі 112 теңге (102 теңге болды);
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары – 85 теңге (77 теңге болды);
Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 112 теңге (102 теңге болды);
Жамбыл облысы, Қызылорда, Түркістан облыстары – 102 теңге (90 теңге болды);
Маңғыстау облысы – 72 теңге (65 теңге болды)
Бұйрық 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 2025 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ҚҚС-сыз тоннасына 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін өсті.
Энергетика министрлігі тиісті түзетулер енгізді, ол да 1 тамыздан бастап күшіне енді.
Фото: QRNews