• RU
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жамбыл облысында минералды су өндірісі іске қосылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында «Ақсай Жуалы» минералды су өндірісінің іске қосылу салтанатына қатысты.

by Jasyn
05/08/2025
in Қоғам
0
Жамбыл облысында минералды су өндірісі іске қосылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өз сөзінде аймақ басшысы өндірістік инфрақұрылымды дамыту мен инвестиция тарту – Мемлекет басшысы жүктеген негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Мұндай жобалардың басты маңыздылығы — тек экономикалық көрсеткіштерде ғана емес, олардың халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінінде. Жаңа жұмыс орындары ашылады, ауыл дамиды, жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер туады. Ең бастысы – әрбір тұрғын бұл суды өзіне ең жақын жердегі дүкеннен сатып ала-алуына жағдай жасауға тиіспіз. Біз жергілікті өнімге деген сұранысты қалыптастыруымыз қажет. Сонда ғана ауыл тұрғындары өз аудандарында атқарылып жатқан игі істермен мақтанатын болады,– деді облыс әкімі.

Аталған жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған. Жалпы инвестиция көлемі – 400 миллион теңге. Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 80 тонна минералды су өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде кәсіпорынға 15 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.

«Ақсай Жуалы» брендімен шығарылатын өнім еліміздің ірі қалаларына – облысымыздан бөлек Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау және басқа да өңірлерге жеткізіледі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 301,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,1%-ға артты. Биыл жалпы құны 175 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар аясында 1143 жаңа жұмыс орны ашылады.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: Жамбыл облысыминералды су өндірісі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушы анықталды

Түркістанда заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушы анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

4 года ago
Мамандар сатылған көлік есептен шығарылмаса қандай қиындықтар туындайтынын айтты

Мамандар сатылған көлік есептен шығарылмаса қандай қиындықтар туындайтынын айтты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In