• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Еңбек саласындағы саясатты дамыту

Мақсат – жастарды жұмысшы мамандығына қызықтырып, кәсіби бағыт беру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында 123 тармақтан тұратын кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін арнайы өңірлік штаб құрылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде.

by Jasyn
01/08/2025
in • Еңбек саласындағы саясатты дамыту
0
Мақсат – жастарды жұмысшы мамандығына қызықтырып, кәсіби бағыт беру
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Басты бағыттар – колледждерді халықаралық салалық аккредиттеуден өткізу, заманауи жабдықталған салалық хаб кешендерін ашу, жатақханалар салу, жұмыс берушілердің сұранысы негізінде мақсатты білім беру тапсырыстарын ұлғайту, сонымен қатар шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа мамандықтарды ашу. Осы бастамаларды іске асыру үшін 404 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Оның ішінде 304 млн теңге – жергілікті бюджеттен, ал 100 млн теңге – демеуші кәсіпорындар есебінен.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубековтың айтуына қарағанда қазіргі таңда 123 іс-шараның 71-і білім басқармасының құзырында. Соның ішінде 30 іс-шара орындалып, 41-інің мерзімдік орындалуы жүріп жатыр. Нақты айтсақ, 7000 оқушыға кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізіліп, 3960 оқушы жергілікті кәсіпорындарда экскурсияға қатысты. Сонымен қатар, 5 салалық форсайт-сессия ұйымдастырылып, 1 халықаралық, 1 республикалық, 3 облыстық чемпионат, 5 шеберлік байқауы өткізілді.

«Үздік ТОП-100 студент» байқауында облыстан 6 студент жеңімпаз атанды. Ал WorldSkills Jambyl-2025 облыстық чемпионатында үздік шыққан студенттер республикалық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда №8 Мойынқұм колледжінде «Дәнекерлеу ісі» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтарына арналған шеберхана құрылысына 35,5 млн теңге бөлініп, 19 млн теңгеге нақты жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 10,2 млн теңгеге агро-хаб кешені құрылып, қажетті жабдықтар алынуда. Жаңатас көпсалалы колледжінде Auto-Skills кешеніне 19,4 млн теңге, №9 Меркі колледжінде IT-хаб кешеніне 62 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, бүгінде 98 меморандумға қол қойылып, 3607 студент дуалдық оқыту жүйесімен қамтылды. Бұл – еңбек нарығына икемді, сұранысқа сай маман даярлауда үлкен қадам. Мәселен, №7 Бетқайнар колледжіне «Сұлтан Бейбарыс» шаруа қожалығы тарапынан 232,2 гектар жер телімі берілді. Ал №9 Меркі колледжіне «Мерагро Холдинг» ЖШС есебінен 4,5 млн теңгеге токарь кабинеті салынып жатыр.

Биылғы жылдың мамырында Жамбыл облысының әкімінің қатысуымен өңірлік форсайт-сессия өткізілді. Оған шетелдік және отандық 40-қа жуық инвестор, салалық мемлекеттік органдар қатысты. Нәтижесінде жұмыс берушілер сұранысына сай 570 мақсатты білім беру тапсырысы бөлінді. Жаңа оқу бағдарламалары әзірленіп, түлектерді жұмыспен қамту бойынша кәсіпорындармен тікелей келісімдер жасалды.

Алдағы уақытта да серіктестік бағытында ірі жобалар жүзеге асады. Мысалы, «KNAUF» ЖШС есебінен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 25 млн теңгеге құрылыс хаб ашылады. ALT университеті мен Q университеті тарапынан IT және көлік саласына байланысты зертханалар ашуға қаражат тартылуда. Сонымен бірге, Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне 120 орындық жатақхана берілетін болады.

Қыркүйек айында «EuroSkills-2025» чемпионатына Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің 2 студенті қатыспақ. Бұл – халықаралық деңгейде үлкен жетістік. Ал 2026 жылы №9 Меркі колледжіне 100 орындық жатақхана салу жоспары бар.

«Бұл бастаманың түпкі мақсаты – жастарды жұмысшы мамандыққа қызықтырып, нақты кәсіби бағыт беру. Қазіргі таңда кәсіби білім беру – жай білім алу емес, бәсекеге қабілетті болудың кілті. «Мамандық фест» кәсіби шеберлік байқауы да осы бағытта қазан айында өтеді. Осылайша, Жамбыл облысы еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда үлгі бола алатынына сеніміміз зор» дейді Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нурбек Оршубеков.

 

Tags: Еңбек саласындағы саясатты дамытуЖамбыл облысыкәсіптік білім берусалалық форсайт-сессия
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысы халқының жартысынан астамы ауылдарда тұрады

Жамбыл облысы халқының жартысынан астамы ауылдарда тұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

4 года ago
Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In