Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция майоры Азат Пірматовтың айтуынша 3 күндік іс-шара барысында ІІО-на 281 кәмелетке толмағандар жеткізілген. Оның ішінде түнгі уақытта — 279. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 7 жасөспірім орналастырылды, оның ішінде түнгі уақытта — 5.
Әр түрлі себептермен 21 кәмелетке толмағандар және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 7 ата-ана есепке қойылды.
Полиция қызметкерлерімен есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша – 195 тексерілді.
«Мүлдем төзбеушілік» бойынша 317 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Фото: ДенДер газеті