Атап айтар болсақ, Тараз қаласы N15 мөлтек ауданында 960 пәтерлі 17 үй, Асқаров көшесінің соңындағы шағын ауданында 180 пәтерлі 4 үй, 14 мөлтек ауданында 800 пәтерлі 22 үй, Сарысу ауданында 90 пәтерлі 1 үй.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге бюджет қаражаты есебінен 420 пәтерлі 8 әлеуметтік тұрғын үй құрылысы аяқталды.
Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 млрд. теңге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өтінім ұсынылған.
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 1 415 пәтер сатып алынады.
Фото: Syrboyi.kz