«29 шілде күні шамамен сағат 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында 4 адам аудандық ауруханаға оқ жарақатымен жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша («Адам өлтіруге оқталу, екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бұзақылық ниетпен жасалған») қылмыстық іс қозғалды», – деп жазылған хабарламада.
Қазір құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – дейді полицияның баспасөз қызметі.
Фото: Диапазон