• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Без рубрики

Биыл Жамбыл облысында 11 тұрғын бруцеллезге шалдыққан

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Биыл Жамбыл облысында 11 тұрғын бруцеллезге шалдыққан
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті басқосуда аймақтағы эпизоотиялық жағдай талқыланды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың хабарлауынша, өңірлерде мал аурулары бойынша ахуал тұрақты.

Жоспар бойынша барлық ауданда эпизоотияға қарсы шаралар жүргізілуде.

«Бруцеллезбен күрес жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Егер инфекция зертханада расталатын болса, онда ол аумаққа шұғыл тексеру жүргізіліп, эпизоотиялық ошақтың шекаралары айқындалады. Осылайша, аурудың таралуына жол берілмейді. Ауру жануарлар санитарлық союға жіберіледі», — дейді спикер.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өңірлік инспекциясының басшысы Жандар Көкеев облыс бойынша 234391 бас ірі қара және 1154816 бас ұсақ мал тексерілгенін айтты.

Ағымдағы жылдың төрт айында 11 жамбылдық тұрғын бруцеллез жұқтырса, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес адамға аз.

Облыс әкімі мал өсірушілерге уақытылы ветеринариялық көмек көрсетуді, мал ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді талап етті.

Ербол Жиенқұлов тағы бір мәселеге тоқталып өтті.

Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қағидалары қабылданған болатын.

Тараз қаласында үш бригада және 10 аудандық бригада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаумен айналысады.

«Әлеуметтік желілерде тұрғындар қаңғыбас жануарларды ұстау мәселесі шешілмей отырғанына жиі шағымдануда. Неге ол бойынша тиісті ведомство шара қолданбай отыр?» — деп сұрады облыс әкімі.

Ербол Жиенқұлов қаңғыбас ит-мысықтарды ұстауға арналған үй-жай салуға қаржы қарастырылмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап отырғанын тілге тиек етті.

Ол бұл орайда осы мәселеге бейжай қарамайтын тұрғындардың көмегі керектігін алға тартты.

Салалық басқарма басшысы басқа да мәселелерге, нақтырақ айтқанда материалдық-техникалық базаның әлсіздігін, құрал-жабдықтардың ескіргенін, ауылдық округтердің барлығы бірдей ветеринариялық пункттермен қамтылмағанына назар аудартты.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен бұл мәселелерді шешуді талап етті.

Аймақ басшысы сондай-ақ, кейбір ауылдарда мал сою алаңдарының жағдайы нашар екенін атап өтті.

«Маған «кемшіліктерді жоямыз» деген сырғытпа жауап қажет емес. Талқыланған бүкіл мәселе міндетті түрде шешімін табуы тиіс. Ветеринарлық қызмет – жергілікті атқарушы органдар жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі екенін естен шығармаңыздар. Оның адам денсаулығы, ауылдардың экономикалық әл-ауқатына әсерін ескеру маңызды», — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

4 года бұрын
Матрица: «Қызыл» аймақта 3 қала мен 6 облыс тұр

Матрица: «Қызыл» аймақта 3 қала мен 6 облыс тұр

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In