Соның ішінде, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 5 әлеуметтік жоба іске асырылып, 630 мүгедектігі бар адамдарға және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 190 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, Байзақ, Жуалы және Мойынқұм аудандарында 75 мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан күндіз болу жағдайында оңалту және бейімдеу орталықтары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Бұл мақсаттарға жалпы жергілікті бюджеттерден 83,0 млн. теңге қаржы бөлінген.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 283 мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға, оның ішінде 61 ересек жанға, 222 балаға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.
Мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда.
Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі — оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту. Жергілікті атқарушы органдар еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіпорындардағы жұмыс орындары санының
2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді.
2025 жылы мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 67 мекемеде 101 орынға квота аясында жұмыс орындары бекітіліп, есепті мерзімге квота аясында 32 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.
2025 жылдың 1 шілдесіне Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында
1170 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 201-і тұрақты жұмыстармен қамтылды,
307 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 9 адам жастар практикасына жұмыстарға жолданды, алғашқы жұмыс орындарына – 5 адам, «Күміс жас» жобасына – 47 адам жолданды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 15, онлайн оқыту курстарына – 139 адам жолданды, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 318 адам жолданды, 112 адам қайтарымсыз грант алды.
Бұдан бөлек, 66 жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 998 жұмыс беруші мекемелерден 4566 бос жұмыс орындары ұсынылып нәтижесінде, тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 201 азамат орналасты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында жергілікті бюджет есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге, сондай-ақ мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер қарастырылған.
2025 жылы облыста 6 ҰОС ардагері мен ҰОС мүгедектері бар. Оларға 9 мамыр Жеңіс күніне әрқайсысына 5,0 млн.теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 6441 адамға 773,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер берілді.
Фото: dknews.kz