• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау

Брайль қаріпінде 57 дана кітап шығарылды

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының басқа кітапханалардан ерекшелігі, кітапхана қорында 4 форматтаға кітаптар сақталады.

by Jasyn
29/07/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау
0
Брайль қаріпінде 57 дана кітап шығарылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олар бедерлі-нүктелі шрифттағы әдебиеттер, жайпақ баспалы шрифтағы әдебиеттер, дыбыстандырылған әдебиеттер және бедерлі графикалық құралдар. Зағиптарға, басқада топ мүгедектері мен қосымша қала тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.

Кітапхана мәдени мекеме ретінде инклюзивтік бағытта жұмыс жасайды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенованың айтуынша Жамбыл облысы бойынша 1 облыстық арнайы кітапхана және аудандық орталықтандырылған кітапханаларда  9 аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдер ашылған.

Жамбыл облыстық арнайы кітапханасында 4 бөлім, 1 сектор жұмыс істейді. Кітапхананың штатында 24 адам бар, сала бойынша 19 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді. Оның ішінде жоғарғы білімді 16, арнаулы орта білімді — 3, мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер қызметкер саны — 4.

Өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг берген Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенова 2025 жылдың жарты жылдық есебі туралы айтып, негізгі сандық көрсеткіштер де тоқталды.

Оқырман саны – 1490, оның ішінде зағиптар саны – 451. Кітап қоры – 40070, мемлекеттік тілде — 19214 дана кітап. Нүктелі-бедерлі әдебиеттер саны — 5557 дана, жайпақ баспалы әдебиеттер саны — 27351 дана, дыбыстандырылған — 6905 дана, бедерлі-графикалық құралдар 75 дана.

Кітапхана қорын толықтыру бойынша 2025 жылы I жартыжылдығында  — 77  дана кітап, оның 53 дана мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтырылды. Оның ішінде бедерлі нүктелі шрифтегі — 19 дана кітап, 19 дана мемлекеттік тілде, жайпақ баспалы шрифте — 58 дана, оның ішінде 34 дана кітап мемлекеттік тілде алынды.

Қазақстанның және  өңіріміздің мерей той иелеріне арналып  Брайль қаріпінде 19 атаумен 57 дана кітап шығарылды.

Жыл басынан 3200-ге жуық  оқырманның қатысуымен мемлекеттік мерекелерге, айтулы күндерге, жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған 94 іс-шара өткізілді, оның 76 офлайн, 18 онлайн.  Жыл басынан бері өткізілген ірі іс-шараларда өнер қайраткерлері, жазушылар және ақындармен кездесулер, әдеби  шығармашылық кештер  өткізіліп келеді.

Атап айтар болсақ, ақын – жазушылардың еңбектерін насихаттау барысында, ақынға 100 сұрақ форматымен Шырын Мамасерікова «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян» және Есет Досалының  «Өлең деп өмір сүремін» кездесу кештері, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне «Жас қауырсын қалам иелері» тақырыбында поэтикалық батл,  Сәбит Досановтың 85 жылдығына «Көркем сөздің көрнекті шебері» тұлғатану,  Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға «Қазақ рухының кесек тұлғасы» әдеби набат, ақын Қайырбек Асановтың 80 жылдығына  «Сұлу сөздің зергері» әдеби круиз, 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне  «Балалар жүрегіне жол тартқан» балалар ертегілерінің авторы Сологуб Наталья Евгеньевна және иллюстратор Щибунок Оксана Александровнамен кездесу кештері өтті.

Сондай-ақ, қоғамдық-саяси әдебиеттерді насихаттау барысында «Кітапқа өмір сыйлап, өзгеге бер» 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау акциясы аясында Болашақ мектеп-интернатының кітапханасына тифлология бөлімінде Брайль қарпінде шыққан 20 дана кітап сыйға берілді, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне «Тоғызқұмалақ» ойыны спорттық жарыс, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне «Кілем тоқу» шеберлік сағаттары өткізілді.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: Брайль қарпіЖамбыл облыстық арнайы кітапханасыМүмкіндігі шектеулі адамдар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жаңа оқу жылында оқушылардың демалатын және оқитын күндері белгілі болды

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалатын және оқитын күндері белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына басшы болды

Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына басшы болды

3 года ago
Баланы суда құтқарған ақтөбелік оқушы марапатталды

Баланы суда құтқарған ақтөбелік оқушы марапатталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In