• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау

Порталға тіркелген 21844 өтініштің 16743-і қанағаттандырылды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету -- қоғамның зор парызы. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады.

by Jasyn
29/07/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау
0
Порталға тіркелген 21844 өтініштің 16743-і қанағаттандырылды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Мемлекет олар тек жәрдемақы беріп қана қоймай, сонымен бірге, олар өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінуі тиіс.

Жамбыл облысында 45 652 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағы – 4 799 адам, 2-ші топ – 16 370, 3-ші топ – 17 689 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны – 6 794.

2025 жылы мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды көмек түрлерімен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін, нақтырақ айтсақ сурдо-тифлотехникалық құралдар, протездік-ортопедиялық бұйымдар, міндетті гигиеналық кұралдар, санаторлық-курорттық емделу, кресло-арбалар, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметтеріне, инватакси қызметіне, жаңа бастамаларға 7,8 млрд.теңге қаржы қаралған. Яғни, республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге, ЖСТ РБ – 0,063 млрд.теңге, ЖСТ аудан/қала – 2,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,8 млрд. теңге.

Оның ішінде: сурдотехникалық құралдарға – 102,2 млн.теңге, тифлотехникалық құралдарға – 372,0 млн.теңге, санаторлық-курорттық емделуге – 1430,0 млн.теңге, протездік-ортопедиялық бұйымдарға – 401,0 млн.теңге, міндетті гигиеналық кұралдарға – 2910,8 млн.теңге, арнаулы жүріп-тұру құралдарына – 364,0 млн.теңге, жеке көмекшінің қызметтеріне – 1317,1 млн.теңге, ымдау тілі маманының қызметтеріне – 248,0 млн.теңге, жаңа бастамаларға – 85,0 млн.теңге, инватакси қызметіне – 548,7 млн.теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың алты айында «Е-Собес» ақпараттық жүйесінде мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құраларымен қамтамасыз ету бойынша абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 76,7 пайызды құрап отыр. Ал, республикада орташа көрсеткіш – 68,2 пайыз. Порталға тіркелген 21844 өтініштің 16743-і қанағаттандырылды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларын орындауды 95,0 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар 519 адам тифлотехникалық (88,6 пайыз), есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар 367 адам сурдотехникалық (85,8 пайыз), тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар 667 адам арнаулы жүріп-тұру (95,5 пайыз),  жамбас органдарының қызметі бұзылған мүгедектігі бар 9059 адам міндетті гигиеналық (96,8 пайыз) құралдармен қамтамасыз етілді.

Ымдау тілі маманының қызметімен толығымен 542 адам қамтамасыз етілді, яғни, 99,1 пайыз. Ал, бірінші топтағы мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын 248 адамға жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылуда, Бұл дегеніміз 97,7 пайыз.

— Техникалық оңалту құралдарының жекеленген түрлері бойынша облыстық көрсеткіштен төмен көрсеткіштер санаторлы-курорттық емделумен 42,4 пайыз және протездік-ортопедиялық құралдармен 72,3 пайыз қамтамасыз ету бағыттарында кездеседі. Мысалы, жекеленген бағыттар бойынша облыстық көрсеткіштен төмен көрсеткіштер Қордай ауданы, Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Сарысу және Байзақ аудандарында орын алған, — дейді Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев.

Атап айтар болсақ, санаторлы-курорттық емделудің орындалуы Талас ауданында – 32,4 пайыз, Қордай ауданында – 35,6 пайыз, Сарысу ауданында —  40,2 пайыз, Тараз қаласында – 41,1 пайыз;

Сондай-ақ, протез-ортопедиялық құралдардың орындалуы Қордай ауданында – 45,4 пайыз, Т.Рысқұлов ауданында – 62,5 пайыз, Байзақ ауданында – 66,8 пайыз, Тараз қаласында – 71,1 пайыз.

Фото: Новое Телевидение

 

 

Tags: «Е-Собес» ақпараттық жүйеЖамбыл облысыжеке көмекшілердің қызметтері ұсынылудақамқорлық көрсетумүмкіндігі шектеулі жандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді

«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

4 года ago
Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек

Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек

1 месяц ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In