• RU
Воскресенье, 17 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Жамбылда субсидия қаржысын ұрлағандарға сот үкімі шықты

Жамбыл облысында шаруашылық басшылары субсидия түрінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

by Jasyn
29/07/2025
in Топ
0
Жамбылда субсидия қаржысын ұрлағандарға сот үкімі шықты
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Меркі аудандық соты алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында екі және одан да көп адамға қатысты бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша 7 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Нақтырақ айтатын болсақ, сотталушылар С. және М. ЖШС басшылары бола отырып, өздерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пайдакүнемдік ниетпен алаяқтық жолымен өсімдік шаруашылығы саласындағы өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар түрінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

Ресми құжаттарды қолдан жасау, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында әрекет ете отырып, олар аса ірі мөлшерде қолма-қол ақша алу мақсатында қылмыстық іс-қимыл жоспарын құрған. Әзірленген схемаға сәйкес, ЖШС және ШҚ түрлі сортты алма көшеттерін сатып алған. Сатып алу-сату шарттарына қол қою кезінде көшеттердің нақты саны көрсетілген.

Қылмыстық схема бойынша шарттардың бірінші парақтарын ауыстыру арқылы бюджеттен ірі субсидиялар алу үшін көшеттер саны әдейі ұлғайтылған.

Осылайша мемлекетке келтірілген залал сомасы 373 млн теңгеден асты.

Сотталушылардың кінәсі ұсынылған шарттармен, куәлердің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен С.-ға – мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру;

М.-ға – ҚК 50-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау саласында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге лауазымдар атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Және төрт қызметкердің әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бір қызметкерге 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: NUR.KZ

 

Tags: АлаяқтықбюджетЖамбыл облысысубсидия қаржысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Алаяққа алданған ата-аналар оның есеп-шотына ақша аударған

Алаяққа алданған ата-аналар оның есеп-шотына ақша аударған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

4 года ago
БАСҚАРМАЛАРДЫ КӨКТЕМДЕ ҚОСЫП, КҮЗДЕ ҚАЙТЫП БӨЛІП ЖҮРМЕЙМІЗ БЕ?

БАСҚАРМАЛАРДЫ КӨКТЕМДЕ ҚОСЫП, КҮЗДЕ ҚАЙТЫП БӨЛІП ЖҮРМЕЙМІЗ БЕ?

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In