Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр. 2024 жылы да бұл көрсеткіш – 4,6 пайыз болатын. Ал облыс көрсеткіші – 4,8 пайыз.
Жалпы алғанда ауданда 1940 адам жұмыссыз болып тіркелген, Ал ауданда экономикалық белсенді халық саны – 27 700. 2024 жылы бұл көрсеткіш 27 200 еді.
2025 жылдың 1 шілде жағдайына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2091 азамат тартылып, орындалуы 55,0 пайызды құрады. Жоспар — 3660. Сондай-ақ, 1 маусымға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1740 азамат тартылып, орындалуы 47,5 пайызды құраған.
Оның ішінде 890 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Жоспар – 2000, яғни, орындалуы — 44,5 пайыз. Жастар практикасына 130 жас түлектерді жұмысқа жіберу жоспарланып, 37 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 70 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, 30 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 600 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, 615 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 45 адамды жіберу жоспарланып, 11 адам жұмысқа жолданды.
«Күміс жас» жобасына 95 адамды жұмысқа жіберу жоспарланып, 91 адам жұмысқа жолданды.
«Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 3 жас маманды жіберу жоспарланып, 1 жас маман жұмысқа жолданды.
— Тағы бір айтары, аудандағы орташа номиналды айлық жалақы 282,7 мың теңгені құрады. 2024 жылы 290,2 мың теңге болатын. Ал, облыстық көрсеткіш — 308,9 мың теңге. Бұл облыстық
көрсеткіштен 26 200 теңге, яғни, 8,5 пайыз аз, бұл бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы 57 кәсіпорын
114 жұмыскердің жалақысы орташа 21,4 пайызға көтерілсе,
63 жұмыс берушідегі 187 адамның еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды, — дейді бұл жөнінде Т. Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов.
Қалай айтсақ та, жұмыссыздық деңгейі – бұл кез келген ел экономикасындағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Ол қоғамдағы экономикалық ахуалдың бір аспектісін көрсетеді және халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты. Бүгінгі əлемдегі экономикалық жəне шаруашылық қатынастардың күннен күнге дамуы барысында жұмыссыздық мəселесі назардан тыс қалған емес. Себебі жоғарыда айтқанымыздай экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер əсері орасан.
Иә, қазір жұмыс жоқ деп қарап жататын заман емес. Әркім қотұрақты жұмыс
лынан келгенін кәсіп қылып, көштен қалмауы керек. Бүгінде көпшілік жалдамалы жұмыс істегісі келмейді. Сондайда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі қолдауларды оңтайлы пайдаланып, өзін ғана емес өзгелерді де жұмыспен қамтуға мол мүмкін бар екенін естен шығармаған абзал.
Фото: Егемен Қазақстан