• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Грузияда отандасымыздың өліміне байланысты жедел тергеу тобын жібереді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Таяу уақытта халықаралық келісімдерге сәйкес, ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Оның міндеті — орын алған қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу», — деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы Ә.Айтпаеваның ата-анасының шағымымен азмат М.Мейірбековке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді ол.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған. Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды.

16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен мәлім еткендей, бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбеков ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабымен (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады – министрлік

Жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады – министрлік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өртеніп кеткен: Атырау облысында қорадан үш баланың мәйіті табылды

Өртеніп кеткен: Атырау облысында қорадан үш баланың мәйіті табылды

4 года бұрын
Қазақстан мен Қырғызстан су қауіпсіздігі мәселесін қалай шешпек

Қазақстан мен Қырғызстан су қауіпсіздігі мәселесін қалай шешпек

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In