• RU
Пятница, 11 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, аудандық бюджеттің орындалуы мен Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған бюджет атқарылуы туралы есептер тыңдалды.

by Jasyn
10/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиын аясында Ұшқын, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, олардың қызметінің тиімділігі бағаланды. Мәслихат депутаттары мемлекеттік кірістер басқармасының аудан бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстары бойынша баяндамасын тыңдады.

Сессия барысында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне биылғы жылы көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие беру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар, кейбір елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту бойынша ұсыныстар қаралды.

Бүгінде Келес ауданында екі білім ошағы – №1 О.Есімов атындағы және №4 Ж.Баласағұн атындағы мектептер реновация жобасы аясында кешенді жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстар оқу ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Жөндеу жұмыстары аясында мектептердің ішкі және сыртқы инженерлік желілері толықтай жаңартылуда. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев нысанды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасына, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының стандарттарға сәйкестігіне, техникалық қадағалаудың дұрыс жүргізілуіне және белгіленген мерзімдерге сай аяқталуына ерекше назар аударды. Өйткені бюджет қаржысы өз мақсатына жұмсалып, жұмыс сапалы атқарылуы тиіс.

Жоспар бойынша, барлық жөндеу жұмыстары 2025 жылдың жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталып, мектептер оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Ақсу және Оңтүстік елді мекендерінде ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Бұл құрылыс жұмыстары арнайы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылып, аудандық прокуратураның тұрақты бақылауында тұр. Жоспарға сәйкес, Оңтүстік елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысын биылғы жылдың III тоқсанында аяқтау көзделсе, Ақсу елді мекені тұрғындарына таза ауыз су жеткізу жүйесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 83 елді мекеннің 64-і немесе 88,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған 15 елді мекенде атап айтқанда Ақжол, Қауыншы Оңтүстік, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Қосөткел, Жуантөбе, Жаңадәуір, Кеңдала, Ескіқорған, Құйған, Қияжол, Көгерту, Ақжар, Ақсу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға мәдени қызмет көрсетіп келеді. Бұл нысандар ауыл халқына рухани демалыс пен өнерді тамашалау мүмкіндігін ұсынуда. Өткен жылы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Бұл – аудан мәдениеті үшін маңызды оқиғалардың бірі болды. Қазіргі таңда тағы 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде.

Сондай-ақ, Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.

Келес ауданында қайтарылған активтер есебінен 13 елді мекен ауызсумен қамтылады. Атап айтқанда, 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі 13 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады.

Қазір мердігер мекемелер анықталып, ұңғыма қазу мен құбырлар тарту жұмыстары басталып кетті. Жобалар аяқталған соң 13 мыңнан аса халық тұрақты түрде тіршілік нәрін тұтына алады.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

 

Tags: аудан бюджетіауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымемлекеттік қорТүркістан облысы Келес ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін экскурсия ұйымдастырылды

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін экскурсия ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

О правильности решении пригласить российских военных в Казахстан во время январских событий

О правильности решении пригласить российских военных в Казахстан во время январских событий

2 года ago
Жамбылда биыл 207 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Жамбылда биыл 207 мыңнан астам ағаш отырғызылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In