• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

Бюджет мүмкіндігіне қарай шешімін табады

Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінің тұрғындары көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Ауыл жұртшылығының қуанышын бөлісуге қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып, тұрғындарды осы айтулы сәтпен құттықтады.

by Jasyn
09/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
Бюджет мүмкіндігіне қарай шешімін табады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әкім өз сөзінде «Тәуелсіздіктің ең үлкен игілігі – елдімекендердің дамуы мен халық тұрмысының жақсаруы. Көкжиде тұрғындары үшін бүгінгі күн ерекше есте қалары сөзсіз. Ауылдың ынтымағы артып, әр шаңырақтың оты маздай берсін», – деді.

Салтанатты шарада алғашқы алау жағылып, ауылда алғашқылардың бірі болып газға қосылған Талғат Райбековтің шаңырағына қала басшысы арнайы кіріп, жылы лебізін білдірді. Тұрғындар болса, газдың келуі тұрмысқа үлкен жеңілдік әкелетінін айтып, ризашылықтарын жеткізді.

«Қыста көмір тасып, күл шығарып әуреге түспейміз. Газ – халықтың көптен күткен арманы еді», – деді ауыл ақсақалдары.

Айта кетейік, бүгінде Көкжиде елді мекенінде 153-тен астам абонент бар, яғни мыңнан аса халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алды.

Бұған дейін, мамыр айында Байырқұм ауылы табиғи газға қосылған болатын. Ендігі кезекте Жиделі мен Аққала ауылдарына да көгілдір отын жеткізу жоспарлануда. Ал жыл соңына дейін Арыс қаласының орталығы толықтай газға қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, биыл Байтоғай ауылында ауыз су жүйесіне жаңа су сорғылары орнатылмақ. Және ауылішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстары да жоспарға енгізілген. Бұдан бөлек, Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар жол бойына ағын судың өту мүмкіндігін арттыру мақсатында арнайы тюбинг орнату көзделіп отыр. Бұл жұмыстар – тұрғындардың ұсынысымен қолға алынған игі істердің нәтижесі.

Енді Шағыр елді мекенінің тұрғындары да ауыз су мәселесі, ауылішілік жолдардың сапасы және түнгі жарықтандыруға қатысты өтініштерін жеткізді. Қала басшысы аталған мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен, нақты жоспар және бюджет мүмкіндігіне қарай шешімін табатынын айтты.

Ауыл тұрғындарымен жүздескен Қайсар Маңқараев елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – басты назарда екенін атап өтті.

Жалпы алғанда Арыс қаласында инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны қолға алып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерін арттыру мақсатында жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 593 жұмыс орны құрылған. Бұл жайында Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Биыл шаһардың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға серпін беретін бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-і 50 мың бас ірі қара малын бордақылау алаңы мен 3 мың гектар жерде жаңбырлатып суғару арқылы мал азығын дайындау жобасын іске асыруда. Сондай-ақ, «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-і 13 млрд теңгеге тамшылатып суғару жүйесі арқылы 9 мың гектар жерге мақта өнімін өндіру жобасын қолға алды. Бұдан бөлек,«ALASH LOGISTIC» ЖШС-і жаңбырлатып суғару әдісімен 900 гектар жерге мал азығын өсіру жобасын іске асыруда» — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қаладағы жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы жылдың 4 айында 13,9 млрд теңгеге жеткен. Ал, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылы 10,3 млрд теңгеге жетсе, 2025 жылдың 4 айында 4,4 млрд теңгені құрап отыр. Қаладағы инфрақұрылым саласында да бірқатар өзгерістер бар. Мәселен, өткен жылы қаладағы 2 жылу қазандағының ескіруіне байланысты көмірден газ жүйесіне көшіру мақсатында модульдік қазандықтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Нәтижесінде бүгінде қаладағы барлық жылу қазандықтары табиғи газбен жылытылып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында да бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, Шағыр, Бақырша және Ақтас елді мекендерінде жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын ескірген электр желілері толық жаңартылған.

Бұдан бөлек, қаладағы бірқатар көпқабатты тұрғын үй аулалары абаттандырылып, ағымдағы жөндеуден өткізілмек. Сондай-ақ, қала ішінде 10 жерге жаңадан қоқыс алаңдары орнатылады.

Фото: Ақ Жайық

 

 

Tags: инфрақұрылымөңірлік өнімі өсуітабиғи газТүркістан облысы Арыс қаласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкенттегі жастар театры 136 миллион теңге жымқырған ба?

Шымкенттегі жастар театры 136 миллион теңге жымқырған ба?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Полицейлер тараздық түлектердi заң институтына оқуға шақырады

Полицейлер тараздық түлектердi заң институтына оқуға шақырады

1 год ago
Таразда полицейлер жасырын орындарға синтетикалық есірткі қойып кетумен айналысқан азаматты ұстады

Таразда полицейлер жасырын орындарға синтетикалық есірткі қойып кетумен айналысқан азаматты ұстады

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In