Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.
Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу есебінен орын алды.
5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8 пайызға артты. Бекітілген жоспар 105,5 пайызға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 млрд. теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3 пайызға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5 пайызға орындалды.
Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды.
Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4 пайызға артқан.
Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2 пайызға артты.
Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.
Сондай-ақ, биыл Түркістан қаласында бюджет қаржысы есебінен 159 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі таңға дейін 44,6 шақырымды құрайтын 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 47,1 шақырым жол ретке келтіріліп, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 50,3 пайызға жеткен болатын. Аталған жұмыстар нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен көрсеткішті 66,7 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жайында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы брифингте мәлімдеді.
«Жалпы қалада инфрақұрылым саласында оң өзгерістер жетерлік. Бүгінгі таңда шаһардың кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі – 36,5 пайыз, ал ауыз сумен қамтылуы 100 пайызды құрады. Электрмен қамту – 99,5 пайыз, табиғи газбен қамту – 98 пайыз деңгейінде. Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда» — деді спикер.
Жыл басынан бері қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд теңге, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 434,6 мың шаршы метрді құрады. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, шаһардағы арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.
Сонымен қатар, 2025 жылы 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы қыза түскен.
Фото: GOV.KZ