Сот 2025 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Тараз қаласының полиция бөлімі мекемеге көше-жол желісінің жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша 16 нұсқама бергенін, алайда, белгіленген мерзімде олардың орындалмағанын және осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама толтырылғанын анықтады.
Сотта аталған материалдар бір өндіріске біріктірілді.
КММ өкілі кешіктіруді конкурстық рәсімдермен және мемлекеттік сатып-алулармен түсіндірді. Бірақ аталғанға қарамастан, кінә іс материалдарымен: нұсқамаларымен, Тараз қаласының көше-жол желісін кешенді зерделеу актілерімен расталды.
Сот қаулысымен «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ кінәлі деп танылып, оған 6,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: Informburo.kz