• RU
Пятница, 11 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

«Атқарылып жатқан жұмыстың аналитикасы болуы қажет»

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте салықтық түсімдерді ұлғайту мәселесі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т.Алиевтің баяндамасы тыңдалды.

by Jasyn
08/07/2025
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
«Атқарылып жатқан жұмыстың аналитикасы болуы қажет»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиын барысында бюджет қаражатының игерілуі және әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштердің жоспарына сәйкес жұмыстардың нәтижесін ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Мұратов баяндады.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе тұрғын үйлерді құжаттандыру бойынша бекітілген қадамдық жоспардың орындалуы туралы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмуратов айтып өтті.

-Бізде атқарылып жатқан жұмыстың аналитикасы болуы қажет, мәселенің мақсаты айқындалуы қажет сонда ғана нәтиже болады, — деп Арман Абдуллаев салаға жауапты басшыларға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өзекті мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімі көрсетіліп, хаттамаға енгізілді.

Жалпы алғанда Сарыағаш ауданында биыл бес айда инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан. Нақтырақ айтсақ, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 77,1 млн теңгеге жетсе, инвестиция көлемі 13 млрд 20,8 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, биыл ауданда өнеркәсіп саласында жалпы құны 5 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 145 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылдың 5 айында 35 млрд 214,6 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 5,9%-ға өскен. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі — 11 млрд 648,8 млн теңге, ал егін шаруашылығы — 23 млрд 565,8 млн теңге. Биылғы жылы аудан бойынша 75,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Жалпы 797,2 гектар жерде жылыжайлар орналасқан. Бұдан бөлек, биыл қаңтар-мамыр айларында ауданда 25 277 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, белгіленген жоспар 108,6%-ға орындалды», — деді аудан басшысы.

Инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 4 елді мекенді (Шеңгелді, Тасқұдық, Ақ үй, Сарысу) ауыз сумен қамту құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда 7 елді мекенді (Жылға, Көктерек, Шайхана, Қарақалпақ, Құрысай , Тасқұдық, Сарысу) табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудандық бюджет есебінен биыл 49 көшеге (25,7 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары Сарыағаш қаласы, Ақжар, Жартытөбе, Көктерек, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті, Жылға, Жібек жолы елді мекендерінде жүргізіледі. 2024 жылдың қорытындысымен қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 69 пайыз болса, 2025 жылы көрсеткішті 73 пайызға жеткізу жоспарланған.

Тағы бір айтары, Мемлекет басшысының “Заң және тәртіп” қағидасын халық арасында кеңінен түсіндіру, сондай-ақ тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті.

Форумға құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері, қаржы саласының мамандары мен сарапшылар, БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында қаржы саласындағы заманауи қауіптер, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары, цифрлық экономикадағы қауіпсіздік, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сарапшылар мен мамандар қазіргі экономикалық ахуалдағы сын-қатерлерді, алаяқтық схемаларды, қаржылық манипуляцияларды және оларға қарсы тұру тәсілдерін атап өтіп, қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасты.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар қаржылық қауіпсіздікті арттыру және қоғам арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Фото: аналитика плюс

Tags: Арман Абдуллаевәлеуметтік -экономикалық көрсеткіштербюджет қаражатының игерілуіжұмыстың аналитикасыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаржыны басқару мәдениетінің маңыздылығы туралы айтылды

Қаржыны басқару мәдениетінің маңыздылығы туралы айтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар

4 года ago
55 тысяч казахстанских детей начнут учебный год в новых школах

55 тысяч казахстанских детей начнут учебный год в новых школах

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In