Шу аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша 2025 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында төтенше жағдайлар бөлімі Шу ауданы мектептерінің өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру іс-шараларын жүргізіп, 8 мектепте бірқатар бұзушылықтар анықталған. Мекемелерге оларды жою туралы нұсқамалар берілді.
Бұзушылықтарды жоюға берілген мерзім өткеннен кейін, қайта тексеру барысында бұзушылықтардың жойылмағаны анықталды. Осыдан соң әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды.
Сотта мектеп өкілдері кінәсін мойындап, жіберілген құқық бұзушылықтар қаржыландырудың болмауына байланысты жойылмағанын айтты. Қазіргі уақытта қажетті қаражатты бөлу туралы хаттар білім бөліміне жолданды. Білім беру мекемелерінің өкілдері қызметін тоқтатпай айыппұл тағайындауды сұрады.
Соттың қаулыларымен сегіз білім беру мекемесіне қызметін тоқтатпай, 100 АЕК мөлшерінде (393 200 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.
Фото: Солнечный свет