«2024 жылы Түркістан облысында пайдаланылмай жатқан 70,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Алайда, осы шаралардан кейін де бұл өңірде жайылым тапшылығы шешілмеген күйінде қалып отыр» дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев.
Облыстағы жайылымдардың жалпы көлемі 8,8 млн. гектардан асады, бірақ, олардың едәуір бөлігі басқа мақсатта пайдаланылады. Кең жайылымдардың болуына қарамастан, оларды бөлу және оларға жергілікті халықтың қол жетімділігі шектеулі. Бұл ауылдық жерлерде әлеуметтік шиеленісті тудыратын өзекті мәселеге айналды.
«Тапшылықтың негізгі себептері – жайылымдық жерлерді заңсыз жекешелендіру және жеке тұлғалардың жерді мақсатсыз теріс пайдалануы, жайылымдық жерлерді демалыс аймағына айналдыруы» дейді Қ. Балабиев.
2025 жылдың басындағы жағдай бойынша Түркістан облысының мал басының өндірістік көрсеткіштері:
- ірі қара мал – 1,1 млн;
- қой мен ешкі – 5,5 млн;
- жылқы – 484 мың;
- түйе – 44,5 мың бас.
Қазақстаннан экспортталған сиыр етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы осы Түркістаннан келеді және Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
«2025 жылы Қазақстанда 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет бағасы айтарлықтай өсті.
Ет одағы ет бағасының өсуін мал басының 25 пайызға қысқарумен байланыстырып отыр. Өңірлердегі өзекті болып отырған жайылым мәселесі шешілмей, мал басын көбейту мүмкін емес» дейді халық қалаулысы өз депутатық сауалында.
Фото: Azattyq-ruhy.kz