• RU
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Салық түсімі артығымен орындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет және салық саясатының тиімділігін арттырудың маңызды екенін үнемі айтып келеді.

by Jasyn
25/06/2025
in Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Салық түсімі артығымен орындалды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Иә, бюджеттік және салықтық жүйелер – экономиканың дамуына негізделген мемлекеттің қаржылық негізі. Салық мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің негізі ғана емес, жалпы алғанда салық жүйесі – экономика мен әлеуметтік саланы реттеудің негізгі құралдарының бірі. Ал, ауылдық округтерде салық түсімі қалай, жоспар орындалып жатыр ма?

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандықтың айтуына қарағанда 2025 жылдың алғашқы бес айында ауқымды жұмыстар атқарылып, бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтатын болсақ, ауылдық округте салықтық түсімдер жоспары артығымен орындалып, мүлік салығы 102,7 пайыз, жер салығы 788,9 пайыз, көлік салығы 255,0 пайыз болып орындалған. Сонымен қатар, 247 адам жұмыспен қамтылды. Ауыл шаруашылығы саласында 2 900 гектар жер игеріліп, 1,45 млрд теңге инвестиция тартылды. 169 шаруа қожалығы 2 975 гектар жерге егін егіп, ауылда 101 жеке кәсіпкер, 34 нысан мен 169 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істеуде.

Ал Қарашық ауылдық округі әкімінің орынбасары Сержан Жасибаев барлық салықтық түсімдер 75,4 млн теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалғанын айтады. Ауыл шаруашылығы саласында 3 200 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді, 400 млн теңгеге инвестиция тартылып, шаруаларға 150 тонна арзандатылған дизель отыны үлестірілді. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара саны 5 295 басқа жеткен. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған 23 отбасыға қолдау көрсетілді. Қарашық елді мекенінде құны 2,86 млрд теңге болатын өндірістік алаң құрылысы жүргізілуде, 175 орындық балабақша салынып, бірқатар көшелерге тас төселді.

Сондай-ақ, Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметов ауылдық округтің жылдық бюджеті толық көлемде игеріліп, салық түсімдері 25,3 млн теңгеге жеткенін тілге тиек етеді. 138 адам жұмыспен қамтылып, 106 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. 1329 гектар егістік жер толық игеріліп, 13 мың тоннадан астам мал азығы дайындалды. Ауыл шаруашылығы кооперациясына және кәсіпкерлікке бағытталған жобалар шеңберінде 149,7 млн теңге инвестиция тартылып, жылыжай, мал бордақылау алаңдары мен өндірістік нысандардың құрылысы басталды. Ауыз су жүйесін жетілдіру мен көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бабайқорған ауылдық округінің бюджеті де 112,6 млн теңге көлемінде бекітіліп, оның 48,5 млн теңгесі 5 айда игерілді. Салықтық түсімдер жоспары 222 пайызға артық орындалып, 12,3 млн теңге өндірілді. Мал шаруашылығында 4050 ірі қара, 33 356 ұсақ мал, 2067 жылқы тіркелсе, ауыл шаруашылығы мақсатында 2220 гектар жерге түрлі дақылдар егілді. Инфрақұрылымды дамыту бағытында 15 аялдама абаттандырылып, тротуарлар төселді, балалар және спорт алаңшалары орнатылды.

Жібек жолы ауылдық округінде ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында ауылдық округте 22,76 млн теңге бюджет қаржысы игеріліп, салықтық түсімдер 4,96 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 1505 гектар жерге егіс егілді. Мал басы 12 мыңнан асып, 59 шаруа қожалығы тіркелді. Өндірілген өнімдерді облыстық, қалалық және шетелдік нарыққа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, округте 5 гектар жерге өндірістік аймақ құру және 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңын ашу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жобалар кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров барлық баяндамашылардың есептерін саралай келе бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды, мемлекеттік бағдарламалар мен аудандық даму жоспарларының сапалы орындалуына баса мән беруді тапсырды.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуыбюджеттік және салықтық жүйелерсалықТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

4 года ago
Өз арманыңа жету үшін батыл бол

Өз арманыңа жету үшін батыл бол

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In