Бес аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70 пайызы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66-ны құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Жәнібек Әбілхан бірінші аптада көрсетті.
«ҰБТ-ны өткізудің төрт аптасында 423 ереже бұзушылық анықталды. 210 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 212 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды, ал 1 адамның сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ» деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18 пайызы «Математика-Физика», 15 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 14 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 649 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Фото: Ак Жайык