• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Бір жылда бюджетті 13 рет өзгерту – бұл нағыз рекорд

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде бюджетті жоспарлау кезіндегі түйткілдерге назар аударды.

by Jasyn
24/06/2025
in Топ
0
Бір жылда бюджетті 13 рет өзгерту – бұл нағыз рекорд
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

М. Әшімбаев бір жылда бюджеттің шығыс бөлігі бірнеше рет өзгертілгеніне тоқталып, Қаржы министрі Мәди Тәкиевке қарата бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

«Былтыр бір жылдың ішінде бюджеттің шығыс бөлігін – 13 рет, ал, табыс бөлігін 3 рет өзгерттіңіздер. Мұндай қадамның түсімдерге, салықтарға байланысты объективті себептері де болған шығар. Дегенмен, бұл жерде «неге олай жоспарланған», «жоспарлау кезінде атүсті қаралды ма», «тиімсіз жоспарлауға жол берген азаматтар жауапкершілікке тартыла ма, әлде әрі қарай да сол әдіспен жұмыс істей бере ме» деген сияқты жүйелі мәселелер туындайды. Яғни, жауапкершілікке, жоспарлаудың сапасына, бастапқы деректердің дұрыстығына қатысты түйткілдер бар. Сондықтан бұл жұмысқа кешенді түрде қарап, бюджетті жоспарлауды жаңа деңгейге шығару керек», – деді Сенат Төрағасы.

Палата Спикері бір жылда бюджетті 13 рет өзгерту нағыз рекорд екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта ондай олқылыққа жол бермеу керектігін баса айтты.

«Әрі қарай бұлай жалғастыра беруге болмайды. Жоспарлау мәселесін тек министрліктердің өздері ғана жасамай, бұл іске мамандарды, тәуелсіз сарапшыларды тартқан ұтымды болары сөзсіз. Соның жолдарын қарастырған жөн. Өйткені, мұндай істі корпоративті негізде атқару ерте ме, кеш пе қателіктерге алып келетіні түсінікті. Сол себепті, бюджетті жоспарлау процесінің ашықтығын, оның жаңа принциптерін қамтамасыз ететін уақыт келді. Сондықтан осы бағытта да нақты жұмыстарды қолға аласыздар деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында Палата депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық Палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: бюджетбюджетті жоспарлауСенат Төрағасы Мәулен ӘшімбаевҮкімет
Jasyn

Jasyn

Next Post
404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған

404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Облыс әкімі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді

Облыс әкімі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді

10 месяцев ago
Әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтардың жалақысы неге төмен?

Әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтардың жалақысы неге төмен?

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In