• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау

Мүмкіндігі шектеулі жандарға баспана берілді

Жамбыл облысы Байзақ ауданында тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде.

by Jasyn
23/06/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау
0
Мүмкіндігі шектеулі жандарға баспана берілді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен барлығы  8,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның көлемі 1 жартыжылдықта 15,5 мың шаршы метр, жыл қорытындысымен 39,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Осы орайда, 2024 жылы 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға берілді. Оның құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2024 жылы құны 1,6 млрд. теңге болатын 2 тұрғын үй сатып алынып, 2025 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға пайдалануға берілді, Нақтырақ айтатын болсақ, оның ішінде: жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 24 пәтер, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға 24 пәтер, әлеуметтік осал топтарға, яғни бірінші және екінші топ мүгедектері, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасы, толық емес отбасылар, қандастар, зейнеткерлерге 60 пәтер берілді.

Жалпы алғанда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 343 адам тұр. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
53 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 1143 адам, 1423 көп балалы отбасы  және 724 мемлекеттік қызметшілер.

Енді аудандық бюджетті нақтылау барысында Сарыкемер ауылындағы Байзақ батыр көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерді ағымды жөндеуге 106,2 млн. теңге қаралып жұмыстар атқарылуда.

«Асар» жоба басталғалы 2020-2024 жылдар аралығында аудан кәсіпкерлері және ағайынның көмегімен 64 мұқтаж азамат, (яғни, 326 — отбасы мүшесі) баспаналы болды.

Ал, жақында Меркі ауданы, Жамбыл ауылында  ерекше қуаныш орын алды. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл халқының ұйымшылдығы мен бауырмалдығының арқасында бой көтерген жаңа баспана өз  иесін тапты. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, жүрегі жомарт азаматтар жиналды.

Жаңа үйдің кілті – екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі Мұрат Аликулов пен оның жұбайы Гүлмира Сабденбековаға табысталды. Бұл – ауыл жұртының ауызбіршілігі мен ізгілікке толы пейілінің нақты көрінісі болды.

Аудан әкімі жүрекжарды лебізін білдіріп, игі істің басы-қасында жүрген жандарға шынайы алғысын жеткізді. Өз кезегінде ауыл биі Аманбай Бексұлтанов, ақ жаулықты аналар мен ақсақалды қариялар батасын беріп, игі дәстүрдің жалғаса беруін тіледі.

Айта кетейік, төрт бөлмелі жаңа үй заманауи талаптарға сай салынған. Іші кең, жарық, еуроүлгіде әрленген. Жиһаздары мен тұрмыстық техникасы да толық қамтылған.

Жомарт жандарға округ әкімдігі атынан арнайы алғыс хаттар табысталды. Бұл – жай ғана баспана емес, жүректен жүрекке жол тартқан мейірімнің, асардың дәстүрінің жарқын үлгісі. Осындай ізгілікті үштастырған «Асарлатып үй салу» жобасы бұдан әрі де жалғасын табады. Жыл соңына дейін ауданымызда Кеңес, Тәтті, Сарымолдаев, Ақарал және Сұрат ауылдық округтерінде де дәл осындай игі бастамалар жүзеге аспақ.

 

 

 

Tags: баспанаЖамбыл облысы Байзақ ауданымүмкіндігі шектеулі жандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Агроном мамандарын даярлауды қолға алды

Агроном мамандарын даярлауды қолға алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

10 месяцев ago
Жамбылда 60 жас мерейтойын жасаған аудан әкіміне қатаң сөгіс берілді

Жамбылда 60 жас мерейтойын жасаған аудан әкіміне қатаң сөгіс берілді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In