• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • «Келешек» бірыңғай ерікті жинау жүйесі

Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек

Қазақстанда биылғы жылдың наурыз айынан бастап «Келешек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылдан бері Жамбыл облысы бойынша осы бағытта 4 953 жеке шот ашылып, тұтынушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

by Jasyn
21/06/2025
in • «Келешек» бірыңғай ерікті жинау жүйесі
0
Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек» жүйесі, 2025 жылдан бастап 5 жасқа толатын балаларға төленетін  біржолғы бастапқы білім беру капиталын қарастыратын заңға қол қойған болатын.

Яғни, бұл заңда мемлекеттен берілетін бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылып отыр. Ол «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді көздейді. Жүйе бес жастан асқан балаларды қамтиды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі біржолғы бастапқы білім беру капиталының мөлшерін анықтап бекітеді. Ол бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептелінеді.

«Келешек» жүйесіне тоқталсақ, онда жыл сайын 5 пайыз мемлекеттік сыйлықақы қарастырылып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7 пайыз мемлекеттік сыйлықақы тағайындалмақ. Бұдан бөлек, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі де қолданыста. Бұл жүйелер ата-аналарға баласының болашақта білім алуы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Кәсіптік немесе техникалық білім алуға, жоғары оқу орнына түсуге және диплом алғаннан кейін де білімін жетілдіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баспанаға жұмсауға да рұқсат етіледі.

Заңның тағы бір бөлігі креативті индустрияны қолдауға арналған. Айталық, облыс орталықтарында, ірі қалаларда мұндай орталықтар кешенді түрде қалыптасуы тиіс. Осы салада бақ сынап көргісі келіп, әрекет етуші жастарға өз өнімдерін коммерцияландыруға көмек көрсетілмек.

Сондай-ақ «Креативті индустрияны қолдау қоры» заңды тұлға ретінде қызмет көрсететін болады. Бұл қор дарынды адамдарды тауып, насихаттау ісімен айналысады. Жобаларға және қызмет көрсетуге қолғабыс беріп, өнімдердің әлемдік нарыққа шығуына өз ықпалын тигізеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті орган ретінде көрсетіліп отыр. Министрлік ынталандыру қағидаттарын әзірлейді. Сонымен қатар ірі қалалардағы жергілікті атқарушы органдар креативті индустрия саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асырады.

Сонымен бұл баланың жоғары біліміне қаржы жинауға бағытталған бағдарлама. Мемлекет 5 жасқа дейінгі балалардың есепшотына 60 АЕК немесе 235 920 теңге көлемінде бастапқы білім беру капиталын аударады. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК көлемінде ақша аударады. Оны сақтап қалу үшін отбасын жыл сайын кемі 24 АЕК немесе 94 368 теңгені аталмыш депозитке аударып тұрулары қажет.

Жалпы алғанда «Келешек» бағдарламасы «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 2024 жылдан бастап іске асырылып келеді. Алғашында «Ақыл» депозиті болып ашылып, жобаға биылғы жылы бірқатар өзгеріс енгізіліп, «Келешек» бағдарламасымен біріктірілген.

Негізгі шарттар бойынша 18 жасқа дейінгі немесе Қазақстанның кез келген азаматы бағдарламаға қатысып, өзіне «Ақыл» депозитін аша алады. «Ақыл» депозитін ашу үшін бастапқыда шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек. Сол соманы салған уақытта ғана депозит ашылады. Шот ашылғаннан кейін мемлекет бастапқы капиталды, яғни 235,9 мың теңге құяды. Ал ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 471,8 мың теңге, яғни екі есе көп көлемде сыйақы аударылады. Содан кейін әр жылы тоқсан сайын 5 000 теңге салып отыру керек. Дегенмен бұл – биылғы жылдың көрсеткіші. Келесі жылы айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты төлем жасау мөлшері де өзгеруі мүмкін.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

Tags: «Ақыл» депозиті«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда қандай жұмыстар атқарылуда?

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда қандай жұмыстар атқарылуда?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынады

Алматыда қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынады

3 года ago
246 млн жұмсалған «Бөрте» қойылымы: Түркістан облысының әкімі шу болған қойылымға қатысты түсінік берді

246 млн жұмсалған «Бөрте» қойылымы: Түркістан облысының әкімі шу болған қойылымға қатысты түсінік берді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In