• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • «Келешек» бірыңғай ерікті жинау жүйесі

4 953 жеке шот ашылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Биылғы жылдың наурыз айынан бастап елімізде «Келешек» білім беру жүйесі іске қосылды. Бұл – баланың жоғары біліміне қаржы жинауға бағытталған бағдарлама.

by Jasyn
21/06/2025
in • «Келешек» бірыңғай ерікті жинау жүйесі
0
4 953 жеке шот ашылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек» бағдарламасы туралы заңға 10 қаңтарда қол қойған болатын.

Бұл бағдарламаға баласының Қазақстан мен шетелдегі біліміне қаржы жинаймын деген ниеті бар ата-аналар қатыса алады. Жинақтау жүйесіне қатысу – ерікті.

«Келешек» жүйесіне тоқталсақ, онда жыл сайын 5 пайыз мемлекеттік сыйлықақы қарастырылып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7 пайыз мемлекеттік сыйлықақы тағайындалады. Бұдан бөлек, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі де қолданыста. Бұл жүйелер ата-аналарға баласының болашақта білім алуы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Кәсіптік немесе техникалық білім алуға, жоғары оқу орнына түсуге және диплом алғаннан кейін де білімін жетілдіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баспанаға жұмсауға да рұқсат етіледі.

Негізі «Келешек» бағдарламасы «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 2024 жылдан бастап іске асырылып келеді. Алғашында «Ақыл» депозиті болып ашылып, жобаға биылғы жылы бірқатар өзгеріс енгізіліп, «Келешек» бағдарламасымен біріктірілген. Негізгі шарттар бойынша 18 жасқа дейінгі немесе Қазақстанның кез келген азаматы бағдарламаға
қатысып, өзіне «Ақыл» депозитін аша алады. «Ақыл» депозитін ашу үшін бастапқыда шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек. Сол соманы салған уақытта ғана депозит ашылады. Шот ашылғаннан кейін мемлекет бастапқы капиталды, яғни 235,9 мың теңге құяды.

Ал ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 471,8 мың теңге, яғни екі есе көп көлемде сыйақы аударылады. Содан кейін әр жылы тоқсан сайын 5 000 теңге салып отыру керек. Дегенмен бұл – биылғы жылдың көрсеткіші. Келесі жылы айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты төлем
жасау мөлшері де өзгеруі мүмкін.

Жамбыл облысы бойынша 2024 жылдан бері «Ақыл» депозиті негізінде 4 953 жеке шот ашылып, тұтынушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жеке шот ашу онлайн және банкке тікелей бару, сондай-ақ арнайы кеңесшілерге жүгіну арқылы жүзеге асады. Мәселен, «Отбасы банк» акционерлік қоғамының облыс бойынша 4 кеңесшісі бар. Бағдарламаның нақты шарттары мен тиімділігі қалай?

– «Келешек» бағдарламасының басты мақсаты – баланың болашақ білім алуына қаржы жинау және мемлекет
тарапынан қосымша сыйақы беру арқылы ата-аналарға қолдау көрсету.

Мемлекеттің 235 мың теңге білім капиталы тек 5 жастағы балаларға ашылған шоттарға түседі. 5 жастан асқан балаға мемлекеттің төлемі түспейді. Ал баланың жасы 5-ке толмаса, білім капиталы бала 5-ке толғанда ғана аударылады. Енді бағдарлама аясында балалар бұл ақшаны өзінің білімі үшін
Қазақстандағы немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға
жұмсай алады. Немесе бала грантта оқып жатқан болса, ол ақшаны үй алуға, тағы да басқа шоттарға аударуға мүмкіндік бар. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға шот арнайы жарнасыз да ашыла береді. 11 800 теңге салу міндетті емес. Бұл санаттағы шотты ашу үшін «Отбасы банктің» орталық филиалына бару керек. Сондай-ақ біздің кеңес беру орталықтарына да жүгінсе болады.

Тағы да айта кетерлігі, біздің көшпелі кеңесшілеріміз де бар. Егер де банкке бару мүмкіндігі болмаса, біздің кеңесші мамандарымыз сіздердің жұмыс орындарыңызға немес үйлеріңізге барып, консультация беріп, бағдарламаны толыққанды түсіндіріп, шотты ашып беру мүмкіндігін қарастырады.

Жеке басым «Келешек» бағдарламасы аясында 8 азаматқа жеке шот ашып бердім,– дейді банк кеңесшісі Нұржан Есіргенов.

 

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: «Ақыл» депозиті«Келешек» бағдарламасы«Келешек» білім беру жүйесі«Ұлттық қор – балаларға» жобасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек

Шотыңызда 11 800 көлемінде ақша болуы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Веложол үшін үйімізді бұзбақшы»: Шымкент тұрғындары шу шығарды

«Веложол үшін үйімізді бұзбақшы»: Шымкент тұрғындары шу шығарды

4 года ago
Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In