• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
0
Бөлісу
1
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте орын алған қайғылы оқиға баршаны алаңдатып қана қоймай, сабақ болуы тиіс. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын барынша күйшейтуге қатысты тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінде арнайы шұғыл жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырысқа тиісті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. «Барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға көңіл бөлу керек. Бұл тұрғыда алдымен мектептер мен колледждерде қауіпсіздік ережесі қаншалықты сақталып отырғанын тексеріп алу – аса маңызды. Төтенше жағдайлар департаменті білім басқармасымен бірлесіп, арнайы оқу-жаттығулар өткізгені абзал. Қазір барлық оқу орындары бейнекамералармен қамтылғанын айтып жүрміз, бірақ олардың жұмыс істеу сапасы мұқият тексерілуі тиіс. Ол камераларды кім қарап отыр, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылған ба, мектептерге кіріп-шығып жатқан адамдарды саралап отырған біреу бар ма? Ең бірінші осы сұрақтар бойынша нақты жұмыс жүргізу керекпіз»,- деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі мектеп әкімшілігімен қатар ата-аналардың да балалары үшін жауапкершілігін арттыра түсу қажеттігін баса айтты. Жас өспірімдер арасында зорлық-зомбылық әрекеттерді насихаттайтын электронды сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларды анықтау бойынша шаралар да пысықталды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы аудан әкімдеріне, ТЖД басшылығына өңірде тілсіз жаудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына барлау жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда балансы қай деңгейде

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда балансы қай деңгейде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері өсті

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері өсті

5 года бұрын
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ:  КІМ ЖЕҢЕДІ?

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ: КІМ ЖЕҢЕДІ?

2 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In