• RU
Четверг, 12 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану

Мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралады

Мемлекет сенімді қаржы жүйесін қалыптастыруға және оның еліміздің экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне тигізетін әсеріне баса назар аударып келеді.

by Jasyn
08/06/2025
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану
0
Мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында өз кәсібін бастаймын, адал еңбек етемін деушілерге берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттардың бірінші легі бойынша ауданға берілген 75 орынға 150 азамат құжат тапсырған. Яғни, мемлекет қолдауына ынта білдірушілер қатары көп деген сөз. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бизнес жобаларды қаржыландыруда қатаң бақылау жүргізілетіні және мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралатынын нақты айтты.

Ал Мақтаарал ауданы кезекті аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Соның ішінде аудан бюджетінің игерілу деңгейі, бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану барысы да кеңінен талқыланды.

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы аудан бюджетінің орындалу көрсеткіштері бойынша баяндама жасап, жыл басынан бері орын алған кейбір кемшіліктер, жоспарды толық әрі тиімді игеру бағытында кездесіп жатқан кедергілер туралы баяндады.

Жиын барысында Мақтаарал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Саттаров хаттамалық тапсырмалардың орындалуына салғырт қараған ауыл әкімдерін ерекше атап, олардың әрқайсысынан жеке-жеке жауап алды. Кейбір әкімдерге қатысты тәртіптік шара қолдану туралы тапсырма беріп, бұл туралы арнайы хаттамаға енгізуді жүктеді.

«Әрбір мемлекеттік қызметші халықтың сенімін ақтап, жүктелген міндетке аса жауапкершілікпен қарауы керек. Бастамалар мен тапсырмалар орындалу үшін емес, нақты нәтиже беруі тиіс. Тәртіп пен талап бар жерде даму болады» – деді, жиынды қорытындылаған Нұрбол Саттаров.

Сондай-ақ Созақ ауданы Жартытөбе ауылында бюджет қаражаты есебінен салынған бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда, баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы және «Street workout» спорттық жаттығу алаңы ел игілігіне ұсынылды.

Аталған нысандар өткен жылы облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Жартытөбе ауылының жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынды. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Сондай-ақ ауданда спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен айтып өтті.

Шара барысында ардагер ұстаз, ауданның Құрметті азаматы Әшімхан Тәпі сөз сөйлеп, ел игілігі жолындағы бастамаларға ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірсе, ауыл қариясы Балтабай Аймұрзаев ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Жаңа нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік берері сөзсіз.

Қалай айтсақ та ел тұрғындарының сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану өте маңызды.

Фото: Атырау газеті

Tags: Мемлекет қаржыТүркістан облысыэкономика
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда жыл басынан бері 146 көлік өртену жағдайы тіркелді

Жамбылда жыл басынан бері 146 көлік өртену жағдайы тіркелді

7 месяцев ago
Алматы қаласының әуежайы арқылы 528 млн. теңгені қолма-қол алып өтпек болған

Алматы қаласының әуежайы арқылы 528 млн. теңгені қолма-қол алып өтпек болған

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In