• RU
Четверг, 12 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қызылордада өңірдегі ең ірі музей ашылды

Қызылордада жаңа заманауи тарихи-мәдени орталық ашылды. Заманауи музей ғимараты 250 мыңнан астам экспонатты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл – қазіргі облыстық музей қорынан 3,5 есе үлкен. Ал жаңа ғимараттың ауданы 1953 жылы салынған бұрынғы өлкетану музейінің аумағынан екі есе үлкен.

by Jasyn
03/06/2025
in Әлеумет
0
Қызылордада өңірдегі ең ірі музей ашылды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мұражай экспозициялары 12 залда орналасқан. Онда аймақ пен ел тарихының негізгі кезеңдері қамтылған палеонтология, археология залдары, Қазақ хандығы дәуірі, этнография, Қызылорда өңірінің тарихы, Алашорда мұрасы, Ұлы Отан соғысы, мәдениет пен өнер, әлеуметтік-экономикалық даму, ғарыш тақырыбы және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына  арналған залдар бар. Экспозицияны жан-жақты сезіну үшін музейде заманауи цифрлық технологиялар енгізілген: жасанды интеллект жүйесі, панорамалық және диорамалық инсталляциялар, интерактивті LED экрандар экскурсияны көрнекі әрі қызықты етеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және қоғам өкілдері қатысты.

«Өскелең ұрпақ осы орталық арқылы өңірдің тарихын, мәдениетін тереңінен таниды деп сенеміз. Мұнда әрбір жәдігер  рухани байлығымыздың дәлелі, өткен мен бүгіннің алтын көпірі. «Самұрық-Қазына» Қоры соңғы 4 жылда Қызылорда облысында 13 әлеуметтік жобаны қолдады.

Өткен жылы Үстел теннисі орталығын аштық. Қамқорлық оңалту орталығы жұмыс істейді. Биыл жыл соңына дейін балаларға арналған оңалту орталығын ашамыз»,- деді Ғибрат Ауғанов.

Шынында соңғы 5 жылда «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қызылорда облысында 1,8 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырды. Олардың қатарында үстел теннисі орталығы, «Қамқорлық» оңалту орталығы, спорт кешені және өзге де әлеуметтік бастамалар бар.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: ең ірі музейзаманауи тарихи-мәдени орталықҚызылордаМұражай
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боччадан жарыс ұйымдастырылды

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боччадан жарыс ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Тізімде әкімдік өкілдері бар»: Шымкенттіктер «7-20-25» бағдарламасының талаптары сақталмағанына шағымданды

«Тізімде әкімдік өкілдері бар»: Шымкенттіктер «7-20-25» бағдарламасының талаптары сақталмағанына шағымданды

3 года ago
Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды

Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In