2024 жылғы наурызда сағат 01:30 шамасында екі азамат «Тараз қаласының қаржы бөлімі» КММ басшысына сот үкімі бойынша жойылуға жататын 2 мың қорап (1 млн. қорап темекінің баламасы) мөлшерінде темекі өнімін алғаны үшін «Қаржы бөлімі» КММ статисті арқылы және делдал бар 90,2 млн. теңге мөлшерінде пара сомасын берген.
Алайда қаржы бөлімінің басшысы мен статист жасаған іс-әрекеттердің заңсыздығын түсініп, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аса ірі мөлшерде пара беру фактісі бойынша арызбен жүгінеді.
Осылайша бұл заңсыздық соңына дейін жетпей қалды.
Прокурор пара ұсынушы екі азаматтың әрқайсысына 13 жыл, ал делдалға – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар өз кінәсін мойындамады.
Дегенменде сотталушылардың кінәсі жасырын тергеу әрекеттерімен, куәлердің айғақтарымен, мамандар мен сарапшылардың қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, пара ұсынған екі азаматтың біріне – 10 жыл, екіншісіне – 9 жыл және делдалға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталушылар сот залынан күзетке алынды.
Фото: Ulysmedia.kz