Оның тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Фото: 7kun.kz